Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр қазақстандықтардың қанша сағат жұмыс істеуі керек екенін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік қызметшілердің түнге дейін жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді.

Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Ирина Смирнова министр Тамара Дүйсеновадан бюджеттік мекеме қызметкерлерінің түнге дейін жұмыс істеуіне қатысты не ойлайтынын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Соңғы уақытта бюджеттік ұйымдарда таңғы сегізден түнге дейін жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасып отыр. Ресми түрде жұмыс күнінің сағат 18.00-де аяқталатынының еш мәні жоқ. Әрі жұмыс уақытынан тыс еңбек үшін қосымша ақы қарастырылмаған. Осылайша, жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаған жетекші өзінің өкілеттігін асыра отырып, шенеуніктер мен қызметкерлерді жұмыста ұстап қана қоймай, басшы олардың ата-ана екенін ұмытады. Жұмысты осылай ұйымдастыруға сіздің көзқарасыңыз қандай? Қарамағындағылардың құқығын бұзатын басшының жауапкершілігі қандай?”, — деп сұрады министрден депутат.

“Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты апта ішінде 40 сағат, күніне 8 сағат болып бекітілген. Егер үстеме жұмыс болса, тәулігіне 2 сағат, айына 12 және жылына 120 сағаттан аспауы тиіс. Бұл ретте үстеме жұмысқа қызметкердің жазбаша түрдегі келісімі бойынша ғана тартуға болады”,  — деп жауап берді Дүйсенова.

“Егер жазбаша түрдегі келісім болмаса, жұмысшы жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеуге келісім бермейтін жазбаша түрде көрсетуі керек. Екінші қадам, еңбек инспекциясына хабарласуы керек. Үшінші қадам, сотқа жүгінгені дұрыс”, – дейді министр.

Тағы да оқыңыз:

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Министр: Азаматтық қызметшілердің жалақысы 30%-ға өсті

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Қазақша сайрап тұрған орыс қызы анасынан “қазақша сөйлеші” деп өтінді (видео)

 

Талқылау