“Бойдақтықпен қоштасу” кешіне жиналған 11 қыз ұшақ апатынан қайтыс болды
11 наурыз күні Иранда түркиялық жеке ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақта болған 11 адамның бәрі мерт болды.

11 адамның 8-і жолаушы, үшеуі экипаж мүшесі. 28 жастағы Мина Башаран есімді бойжеткен белгілі түрік кәсіпкері Хусейн Башаранның қызы. Ол құрбыларымен бірге жиын өткізіп, Дубайдан ұшып шыққан.

Қалыңдықтың тойы наурыз айының соңына белгіленген. Ұшақ қарлы боранға тап келгендіктен қозғалтқыштары істен шығып, ақыры апатқа ұшырады.
Ұшақтың қалдықтары Тегеран қаласынан 360 шақырым жерден табылды.
Тағы да оқыңыз:
Қорғаушысы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесіндегі жағдайы туралы айтты
Жұмыртқа ұзақ сақталу үшін үшкір жағын төмен қаратыңыз: Асүйге қажетті 15 кеңес
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан