Қорғаушысы  Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесіндегі жағдайы туралы айтты

Қытайда есірткі контрабандасы  бойынша айыпталып, уақытша тергеу абақтысында жатқан  қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағанбетов қорғауындағы азаматтың  түрмедегі жағдайы туралы айтты.

Сурет:inform.kz

Заңгер айтып өткендей, Ақжарқын Тұрлыбай Қытай тергеу изоляторында сот үкімін күтіп отыр. Биыл наурыздың басында соңғы рет кездесу болған. Сол кезде  Ақжарқын денсаулығының бір қалыпты екенін, алдағы процеске дайындығы жайлы айтқан.

“Бұдан бөлек, тергеу изоляторында пайдалану үшін депозит алуға мүмкіндік берілді. Жіберген қаражатқа Ақжарқын қосымша азық-түлік, сусын сатып ала алады”, — деп хабарлады Нұрмағанбетов.

Оның айтуынша, осы төрт жылдың ішінде  Ақжарқынның түрмедегі жағдайын жақсартып, отанына қайтару үшін  СІМ өкілдері де араласып, қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Сот отырысының қашан болатыны қазірге нақты емес.

“Сот күні белгілі болға соң, Ақжарқынның отбасының бір мүшесімен процеске қатысуға барамыз. Бәрі жылдам болуы үшін, қытай визасын алдын ала дайындап қойдық”, — деп жазды адвокат.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.

2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кетті. Ақжарқын бір жылдан аса сот үкімін күтіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Керек кеңес: Асқазан жарасын какаомен толықтай емдеп жазуға болады

Өт жолдарын үй жағдайында қалай емдеуге болады

Жүрек талмасы ұстап қалған жағдайда 10 секунд ішінде өзіңізді құтқарып қалу жолын үйреніңіз

Алдағы күндері елімізде қайта күн суытады

ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді

Психолог: Енелердің бір қателігі келіннің жақсы-жаман болуын баласынан көрмейді

 

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар