Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дизайнер Жадо тікелей эфирде “Қара жорға” билеп, жұртты таңғалдырды (видео)

Дизайнер Жадоның негізгі мамандығы – заңгер. Онымен қоса, танымал сәнгер ұзақ уақыт бойы бимен айналысып, кезінде хореографиядан сабақ берген. Алайда уақыт ағымымен ол ісін тастап, бүгінде бірегей киімдер жасаумен айналысады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

жадо

Бірер күн бұрын Жадо елімізге танымал бағдарламада бойжеткен шағын еске алды. Ол 15 жылда алғаш рет би билеп, өнерін паш етті. Көрермен сөзін жерде тастамаған дизайнерге көпшілік риза болды.

Ал Жадоның өзі болса артық салмақ қосып алғандықтан, би билеу кезінде қиналып қалғанын алға тартты. Ентігіп қалған сәнгер артық салмақтың кесірінен дем жетпей, тез шаршап қалғанын атап өтті.

“Арықтау керек”, – деп түйіндеді ол.

Тағы оқыңыз: 

Сара Амангелді: КешYou-де жүрген кезде киноға бару үшін директорға жазып, сұранатын едік

Жұрт жаңа босанғанына қарамастан тойға шығып кеткен Салтанатты сынап тастады

52 жасқа толған Шахизадаға ұлы үшінші рет тұрмыс құруға рұқсат берді (фото, видео)

Әуелбекова басшы болып тағайындалған мекемеге Nazar тобын да кіргізіп алған

Талқылау