Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт жаңа босанғанына қарамастан тойға шығып кеткен Салтанатты сынап тастады

Осыдан екі ай бұрын үшінші перзентін дүниеге әкелген Салтанат Бақаева таяуда Айтөресін қырқынан шығарды. Әнші әрі актриса бұл күнге тыңғылықты түрде дайындалып, молынан дастархан жайған. Қуанышты сәттің көріністерін Салтанат желідегі парақшасы арқылы жұртқа көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

салтанат бақаева

Айтөренің атына заты сай, үлкен азамат болуын тілеген жұрт Бақаеваның тез арада қалыпқа келгенін айтып, таңдануда. Айтуларынша, Салтанат үш баланың анасы атанған келіншекке ұқсамайды. Бұл орайда желі оқырмандары: “Жас қыз сияқты”, – деп бірауыздан Бақаеваның сұлулығына таңдай қақты.

Салтанат Бақаева

Ал актрисаның өзі бұл жағдайды оңынан пайдаланып жатқан ұқсайды. Ол босанғанына небәрі 2 ай болғанына қарамастан, тойға шығып, қыздарды құтты орнына қондыруға үлес қосып жүр.

Салтанат Бақаева

Алайда ырым-тыйымға қатал қарайтын қазақ халқы Бақаеваның бұл ісін құптамай отыр. Көпшілік Бақаеваны “екі айлық сәбиін үйде тастап, той тойлап жүр” деп сынауда. Әрі таяуда өзі қонақ болып барған тойлардың біріне кеудесі ашық көйлек кигені үшін жұрт “Арнау” тобының әншісіне ұрысып тастады.

салтанат бақаева

“Салтанат, айналайын қазақтың керемет өнері тамып тұрған кызысың, үлгілі келінсің. Қыз ұзатуың тіптен керемет, қыздарға сенің жолыңды берсін. Бірақ қыз ұзатуға кеудесі ашық кигенің тіптен ерсі көрінеді екен. Басқа жерге, достарыңның арасында кисең де, енді сенің ісің дұрыс па? Ал енді халықтың алдында, қыз ұзатып тұрып, жартылай жалаңаш жаман көрінеді екен”, – деп сынады желі қолданушыларының бірі.

“Салтанатпен қатар босандым. Қалай қорықпайсыз. Сүт иісі бұрқыраған омырауды жылы ұстау керек. Мен бір суықтатып, қатты қиналдым. Байқау керек”, – деп қоштады екіншісі.

Тағы оқыңыз: 

52 жасқа толған Шахизадаға ұлы үшінші рет тұрмыс құруға рұқсат берді (фото, видео)

Қайрат Нұртас отбасымен бірге киелі Ахмет Яссауи кесенесінде болып қайтты (фото)

Әуелбекова басшы болып тағайындалған мекемеге Nazar тобын да кіргізіп алған

Кенжебек Мейрамбек Бесбаевтың домбырасын не себепті көтеріп жүретінін түсіндірді

Талқылау