Әуелбекова басшы болып тағайындалған мекемеге Nazar тобын да кіргізіп алған

Таяуда ғана Мөлдір Әуелбекованың “Қазақконцерт” ұйымына, басшылық қызметке тағайындалғаны жөнінде ақпарат тарады. Бұл орайда соңғы кездері ел аузынан түспей жүрген әнші бұл қызметке кімнің қолдауымен келгенін ашып айтты.

Мөлдір Әуелбекова

Бұл туралы Гәкку арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Қазақконцерт» ұйымына жұмысқа келіп жатырмыз. Жеңіс Сейдолла бастаған ұжым болып жақсы жұмыс атқарамыз деген үміттемін. Жеңіс аға өзі шақырды. Ол кісі көптеген мекемелерде басшылық еткен болатын. Осы жақында Жеңіс ағамызды «Қазақконцерт» ұйымының директоры етіп министрдің өзі тағайындады. Ойда-жоқта болды, расында өте қуанышты жағдай. Үлкен сенім артқан Жеңіс ағама рақмет”, – дейді Әуелбекова.

Әуелбекова өзі қызмет ететін ұйымның қолдауымен жақында гастрөлдік сапарға шықпақ ниетте. Әнші әнсапарын 8 мамыр күні туған жері Тараз қаласынан бастамақ.

«Жаз айларында Шығыс, Орталық Қазақстан, күзде Батыс Қазақстан және де тоқетері Астана және Алматы қалаларында концерт беремін. «Назар» тобы да жанды дауыста ән салады. Ақсұңқар деген жігіт гитарамен сүйемелдейді. Қыздардың табиғи даусын көрсету үшін солай жасап жатырмыз”, – дейді Әуелбекова.

Бір қызығы, “Қазақконцертке” Мөлдір бір өзі орналаспаған. Әнші жаңа қызметке тұра салысымен, қарамағындағы Nazar тобын жұмысқа қабылдаған.

“Жаңадан орналасқандар – мен және Nazar тобы. Мен өзім жаңадан жұмысқа орналасқандықтан, күн сайын уақытымды сол жақта өткіземін. Қыздарым қараусыз қалмасын деген ниетпен ұсыныс жасадым. “По блату” емес. Ойда-жоқта кіріп кетті, дәл өзім сияқты», – дейді Мөлдір.

Тағы оқыңыз: 

Кенжебек Мейрамбек Бесбаевтың домбырасын не себепті көтеріп жүретінін түсіндірді

Кенжебек: “Музартқа” алғаш келгенде ақтаулықтар белімізге қыстырған 2 мың долларды түгел мен алдым

Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па

Баян Алагөзова: Скриптонит айтқан соң, Павлодардағы жолдар жөнделеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар