Дизайнер Жадо 8 баласымен адам шошырлық жағдайда тұрып жатқан анаға көмек көрсетті (видео)

Сейсенбі, 21 Ақпан , 2017 11:46

Танымал қазақстандық дизайнер Жадо 8 баласымен адам шошырлық жағдайда тұрып жатқан Алматы тұрғынының жағдайын біліп қайтты. Қазақстандық сәнгер оған шама-шарқы келгенше көмек қолын ұсынып, өзгелерді де бұл жайға немқұрайлы қарамауға шақырды.

Жадо-210217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аян апайдың жағдайынан хабардар болғалы бері дизайнердің мазасы қашса керек-ті. Бұл туралы оның PR-менеджері Ринат Тәттібай жазды. Ол жақсылықты “жарнамалағаны” үшін дизайнерді сөкпеуді, қайта одан үлгі алуды өтінді.

Ал дизайнердің өзі “баланы тумай тұрып ойлану керек еді” деп сынайтындарға жауап берді.

“Бір бала емес, сегіз баланы берген Алланың өз есебі бар. Сондықтан “баланы тумай тұрып, ойлану керек” дейтіндер бұл постты айналып өтсе болады. Көгерген қабырғаның ішінде шиеттей бала-шағасымен қысты өткерген Аян апай, дәл осындай күйді құдайдан тілеп алмаған шығар. Үйінің іші суықтан азынап тұр. “Жергілікті шенеуніктер көп балалы ана болғаным үшін берілетін алқаны да бермеді, басқасынан не қайыр” – дейді. Келесі айда бұл жыртық үйдің өзінен шығарылады екен. Бірге көмек көрсетіп жіберейік достар! Сіздің бір мәрте кешкі асқа жұмсайтын ақшаңыз – бұл отбасының үлкен мәселесін шешуі мүмкін. Ендеше, көп болып, жұмылайық, достар!” – дейді ол.

Көпбалалы анаға көмек қолын созам деушілер 87477294374 нөмірі арқылы Аян апайдың өзіне хабарласса болады.

Бір бала емес, сегіз баланы берген Алланың өз есебі бар. Сондықтан “баланы тумай тұрып, ойлану керек” дейтіндер бұл постты айналып өтсе болады. Көгерген қабырғаның ішінде шиеттей бала-шағасымен қысты өткерген Аян апай, дәл осындай күйді құдайдан тілеп алмаған шығар. Үйінің іші суықтан азынап тұр. “Жергілікті шенеуніктер көп балалы ана болғаным үшін берілетін алқаны да бермеді, басқасынан не қайыр” – дейді. Келесі айда бұл жыртық үйдің өзінен шығарылады екен. Бірге көмек көрсетіп жіберейік достар! Сіздің бір мәрте кешкі асқа жұмсайтын ақшаңыз – бұл отбасының үлкен мәселесін шешуі мүмкін. Ендеше, көп болып, жұмылайық достар! Байланыс: ☎☎☎87477294374 Аян апай

Публикация от Ринат Тəттібай (@rinat_tattibai)

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше апта бұрын сегіз баласын жалғыз өзі асырап отырған Аян апай жайында жазған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Медеу Арынбаев: Ділназ екеуіміз қосыла саламыз

Карина Абдулинна өзі іздеген жігітпен көңіл қосты (фото)

Мақпал Исабекова шектен шыққан еркелігі үшін халықтан кешірім сұрады

Қуандық Рахым “Болайық бірге” әні өзбектікі” деген сынға жауап берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар