Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ана 8 баламен қабырғасының тесігінен қар көрінетін үйде тұрып жатыр

Алматы іргесіндегі Райымбек ауылдық округіне қарасты саяжайлардың бірінде тұратын көп балалы ана қайырымды жандардың көмегіне зәру. Таяуда ғана сегіз баласы үшін алатын жәрдемақысының көлемі 1200 теңгеге өсті деп, төбесі көкке жете қуанған ананың қуанышы ұзаққа созылмапты. Азық-түлік бағасының қымбаттағаны аздай, аязды күні шиеттей бала-шаға қазір суық үйде бүрсеңдеп отыр, – деп жазды 31 арна.

764358464960902

«Жаман қуанғаным соншалық, төбем көкке жеткендей болды ғой. Жаңа 1200 тг пособие қосылғанға»,-дейді 8 баланың анасы.

Бірақ ол 1200 теңге көп балалы үйдің жыртығын жамауға жұқ болмай тұр. Кей күндері бір бөлкені балаларыма бөліп беріп, өзім аш жүремін деген Аян Тәженова, әсіресе, қабырғасы қақырап тұрған үйдің тесіктерін жауып, біте алмай жатырмын, – деп ашынып отыр.

«Мына жер ойылып, ар жағында дала, қар көрініп тұрды ғой. Бір рет екі рет өзім балшық ерітіп қоям да, соны ұрып қоям. Балшық болмағанда осылай тұрады. Бірақ масқара суық болады»,-дейді көп балалы ана Аян Тәженова.

Осы есігінен тесігі көп үйді бастапқыда Аян апай балаларымен бірге жалдап тұрған. Кейін жағдайын көрген қожайын тегін тұруға рұқсат беріпті. Бірақ күн жылығанда босатыңдар деген көрінеді.

Күйеуі – Ресей елінің азаматы болғандықтан, миграциялық қызмет өз еліне қайтарып жіберіпті. Әкесі тіпті соңғы егіздерді – кішкентай Мақпал мен Дәулеттін көрмеген де. Күйеуі кеткелі көп балалы ана көршілері мен қайырымды адамдар берген көмекпен күн көріп жүр екен.

«Қабырғасы суланып, құлап кетуге шақ тұр. Өте ауыр жағдайда бұл отбасында. Біз көрші зейнеткерлер, қалай мүмкіндігіміз болады, солай көмектесеміз. Бірақ біздің қолымыздан не келеді?»,-дейді Аян Тәженованың көршісі Александра Толошная

Аян Тәженова 2006 жылдан бері Райымбек ауылдық округіне жер кезегіне, Қарасай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне 2010 жылдан бері тіркелген. Бірақ ол кезегім жылжымайды дейді. Ал, ауыл әкіміне көмек сұрап бара бергім келмейді деген Аян апай әкімін де аяп отырған сыңайлы.

«Мен де түсінем енді, оған бара бергенде, ол маған несін береді. Өзім екі балам бар, соны асырай алмай отырғанда, сенің 8 балаңды қалай асыраймын деп меннен сұрайды»,-дейді і көп балалы ана Аян Тәженова.

Кішкентай Нұрай болса, өздерінің жиі ауыратындарының себебін былай түсіндірді.

«Терезеден жел соғады. – Содан ауырып қалдың ба суық тиіп? – Иә, бәріміз ауырып қалдық»,-дейді Аян Тәженованың қызы Нұрай Ерденова

Балалардың үлкені телеарнаға түсуден бас тартты. Өйткені, сыныптастарым “қайыршы” деп келемеждейді деп анасына айтыпты. Бірақ біз анасымен сұхбат жазып тұрғанда, 13 жасар ұл бала жылап тұрды.

Оқи отырыңыз:

Ер адам заңды әйелінің қарызынан құтылу үшін некесіз туған ұлын сатты

Босанушы әйелдер арасында «асықпай жасайтын кесір тілігі» қолданыла бастады

Қазақ әйелінің күйеуімен ажырасуына абысыны себепші болған

Отбасылы әйел клиенттердің үйін тыр жалаңаш жүріп жинайды (фото)

Талқылау