Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босанушы әйелдер арасында «асықпай жасайтын кесір тілігі» қолданыла бастады

Ұлыбританияда кесір тілігін жасатудың жаңа түрі көптеп қолдануда. Бұл асықпай жасалатын кесір тілігі отасы. Оның ерекшелігі – өзге оталардан қарағанда қауіпсіздігі. Ол анасы мен сәбиіне күйзеліске түсуге жол бермейді.

11-8

Дәрігер жатырды аздап кесіп, нәрестенің басынан бастап шығару, кіндігін кесу сынды әдеттегі әрекеттер асықпай жасайды. Тіпті шарананың құрсақтан өздігінен шығуына мүмкіндік береді. Процесс 4 минутқа созылады. Ал, анасы мұның бәрін қадағалай алады. Кейіннен сәбиін анасының кеудесіне қояды.

Мамандар бұл отаның артықшылығын былай түсіндіреді: Әдетте кесір тілігі арқылы өмірге келген сәбилер тез арада жатырдан сыртқа шыққандықтан өмірге бейімделіп үлгермейді. Сондықтан осылай туылған сәбилердің көп жағдайда тыныс алуы қиын болады.

Одан бөлек анасы сәбиінің өмірге қалай келгенін көріп, пайдалы көңіл-күйді бастан кешеді. Ал, қалыпты кесір тілігін жасту кезінде анасы процессті бақылай алмайды. Акушер Белианда Глиннің айтуынша, асықпай жасайтын кесір тілігі арқылы өмірге келген сәбилердің денсаулығы қалыпты кесір тілігімен туғандармен салыстырғанда сау болып келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігер: Әйел 6 сағат ішінде босануы тиіс

Ғалымдар ерлердің ішуіне арналған жүктіліктен сақтандыратын дәрі ойлап тапты

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас іштегі сәби үшін пайдалы

Талқылау