Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медеу Арынбаев: Ділназ екеуіміз қосыла саламыз

Жуырда Медеу Арынбаев өнердегі қарындасы Ділназ Ахмадиеваның бейнебаянының тұсаукесерінде өнер көрсетті. Мұнымен қатар, әнші оның алып қашқысы келіп жүргенін жасырмады. Артынша бұл сөздерін қалжыңға балады.

4809-2_cb2a0f9b

Фото: instagram.com/medeu_arynbaev/, instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Біздің кезімізде әншілердің мұндай басқосуы болмаған. Бейнебаянымыз шыққанда, өзіміз мәз болып жүретінбіз. Ол кезде әншілер санаулы ғана еді. “Бейнебаян түсірді” десе болды, біз бір түнгі клубта немесе мейрамханада жинала қалатынбыз. Ол кезде аяқ астынан шай беру түк емес еді. Қазір, әрине, буын-буынға бөлініп жатқан әнші көп. Ал біздің кезімізде бұлай болмады”, – дейді ол жастық шағын еске алып.

Әншінің жұбайынан айырылғанына биыл алты жыл толған екен. Ол әзірге жүрегінде махаббат отын жаққан сүйіктісін жолықтырмағанын айтып жатыр. Ал махаббатсыз көңіл қосуға қарсы.

“Ділназ екеуіміз қосыла саламыз. Онда тұрған ешнәрсе жоқ! Қазір анасынан рұқсат сұрап көрейін. Қалжыңдап отырмын. (Күлді.) Ділназ маған қарындасым секілді болып кеткен. Бір қазанда сорпамыз қайнап келе жатыр. Бір-бірімізді бұрыннан білеміз. Құдай-ау, Ділназдай қыз кімге ұнамайды?! Бойында құдай берген сұлулық пен талант, дарын тұнып тұр. Оның не себепті күйеуімен ажырасқанын білмеймін. Қазір ажырасып, басының бос екенін естіп жатырмын. Мен ол жағын қазбаламаймын. Білмеймін, білгім де келмейді. Жұбайлардың қосылып-ажырасуы заңдылық деп білемін. Ал менің жұбайымнан айырылғаныма алты жылдан асты. Жүрегімді жаулаған адам кездеспей жатқан шығар. Сценариймен үйленіп, бас қосқым жоқ. Әйтпесе, маған ұнайтын қыз-келіншектер жоқ деп ойлайсыз ба? Біреуінің басы бос емес, енді екіншісінің жасы кіші. Барлығы сәтін салып, өздігінен болар деген үміттемін”, – дейді Медеу Арынбаев.

Гүлбаһрам апай бұл ұсынысқа қарсы емес сияқты. Өйткені өткен жылдың тамыз айында ұлы Ділшат үшінші рет үйленіпті. Мұнымен қатар, ол сұхбаттарының бірінде қызының да бірнеше рет үйленуіне қарсы емес екенін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиеваның анасы: Қызым үш рет тұрмысқа шықса да, қарсы емеспін

Ділназ Ахмадиева: Маңдайыма жазылған сүйіктімді күтіп жүрмін

Рано Омарова жиі сәбиін тастап қыдыруының себебін түсіндірді

Мақпал Исабекова шектен шыққан еркелігі үшін халықтан кешірім сұрады

Талқылау