Дініміз бойынша жаман түс көргенде не істеу керек

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 15:36

Адамның көрген түсі оның өміріне әсер етеді. Ал оның әсері көбінесе жорығанға байланысты. Қазақта «Түсті көруінен емес, жоруынан» деген жақсы сөз бар.

1_534b80f8c4f91534b80f8c4fcb

Ардақты Пайғамбарымыздың да өз түстерін жорығанын білеміз. Мысалы, Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен мынадай бір хадис бар. Ол: «Алла елшісі (с.ғ.с.):  «Бір  түні  түс  көрдім.  Мен  Уқба  ибн  Рафиғтің  ауласында екенмін  деймін.  Сонда  бізге  Ибн  Табтың  жас  піскен  құрмаларынан бірнеше құрма әкелінді. Мен мұны осы дүниеде жоғары өрлейтінімізге, Ақыретте игі нәтижеге жететінімізге және дініміздің көркейетіндігіне жорыдым», – деді», – деген (Сахих Мүслим). Көрдіңіз, түсті игілікке жорыған. Түс доруда дүние ғана емес, ақырет те назарға алынған. Бұл, әлбетте, түс туралы өте терең түсінік.

Ал енді кейде адамдардың өз түсінен шошып жүргенін де көреміз. Оларға да Алла елшісінен (с.ғ.с.) жеткен өсиет бар. Әбу Сәләмәдан жеткен хадисте былай делінеді. Ол: «Әбу Қатаданың (р.а.): «Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Игі түс – Алладан, ал шым-шытырық түс – шайтаннан.  Әлдекім  өзіне  ұнамайтын түс көрсе,  сол жағына  үш  рет дем үрлесін және оның кесірінен Аллаһқа сиынып пана сұрасын, сонда ол оған ешқандай зиян келтірмейді», – дегенін өз құлағыммен тыңдадым», – деп айтқанын естідім», – деген (Мұхтасар Сахих Мүслим, ІІ том, 210-бет. Хадис № 1522).

Бұл мұсылман өмірінде түс көрудің де өзіндік әдебі бар екенін көрсетеді. Осы хадисті оқып білген соң, қандай түс көрсеңіз де, уайымдамасаңыз болады. Көрген түсіңізді тек қана жақсылыққа жорисыз. Нашар түс көрсеңіз лағынеті шайтаннан Аллаға сыйынып, сол жағыңызға түкіресіз. Бар болғаны осы.

Асылбек Әуезханұлы

Жіберіп алмаңыз:

Шариғат бойынша қызбен жүру күнә ма

Мешіттегі оқиға: Бастан-аяқ қара киінген қыздар қазақ әжейдің оқыған намазын мазақ қылған

Есінеу шарттары: Дінде есінеудің шайтаннан болатыны айтылған

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Ағылшын жігіті қырғыз қызына қол жеткізу үшін ислам дінін қабылдап, қалыңмал төлеген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар