Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың байқаудағы бәсекелесі: монғолдық әнші америкалықтарды әдемі даусымен таңғалдырды (видео)

Энх-Эрдэнэ есімді монғол әншісі АҚШ-та өтіп жатқан дарынды адамдардың The World’s Best атты халықаралық шоуында көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы ARD хабарлайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі

Әртіс байқауда танымал кантр-композицияны Amarillo by Morning әнін орындады. Ағылшын тілін білмейтін монғол азаматы әнді жан-жүрегімен салып, тыңдармандарды таңдай қақтырды. Аудитория мен төрешілер әншіге қошемет көрсетіп, қуаныштарын жасырмады.

“Энх-Эрдэнэ төрешілерді ғана таңдандырып қоймады. Twitter желісін пайдаланушыларды бір жайт таңғалдырды. Әнші өзінің не айтып тұрғанын, сөздердің не білдіретінін білмеді, бірақ әнді керемет орындап шықты. Әлеуметтік желілерде монғолдық ковбой #mongoliancowboy хештегі пайда болды”, — деп жазылған мақалада.

Америкалық әлеуметтік желілерде әншіге қатысты көптеген жазбалар пайда болды.

“Ағылшынша сөйлемесе де, шығып кантриді музыканттардың жартысынан жақсы орындап шықты”, “Ағылшынды біледі ме, білмейді ме, маңызды емес. Осы баланы жақсы көремін! Даусы керемет және бұл ән маған ұнайды” деп жазды желі қолданушылары.

The World’s best байқауы CBS арнасында 3 ақпанда басталды. Байқауға Қазақстанның атынан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысып жатыр. Шоу 10 эпизодтан тұрады. Шоу соңында жеңімпаз 1 миллион долларды иеленеді.

Талқылау