Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Қытайдағы танымал журналдың мұқабасына шықты (видео)

Димаш Құдайберген Қытайда танымал “Easy” журналына сұхбат беріп, басылымның мұқабасына шықты. Сұхбат үзіндісін Димаштың жанкүйерлері орысшаға аударып, желідегі фан-парақшалардың бірінде жариялады.

димаш 190517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

EASY-дің Димаштан алған жауаптары:

Әдетте үйден шығарда өзіңмен не ала шығасың?

— Кілт.

— Соңғы уақытта мазалап жүрген нәрсе бар ма?

— Аса ештеңе мазалап жүрген жоқ.

— Ұйқыдан ояну үшін саған оятқыш керек пе?

— Ұйқыдан тұруға көмектесетін адам керек.

— Ерекше әсер қалдырған сыйлық қандай?

— Жанкүйерден келген әр сыйлық.

— Сенің сүйікті тіркесің?

— Барлық сөздер.

— Соңғы рет қандай ән тыңдадың?

— Michael Jackson – Beat It.

Әдетте ұйықтар алдында не істейсің?

— Өзімнің қауіпсіздігім үшін дұға етемін.

— Денеңнің қай бөлігі өзіңе қатты ұнайды?

— Бұл сұрақты өзіме қойғандарыңыз ыңғайсыздау екен, айтпаймын.

Бала күнгі арманың қандай еді?

— Танымал әнші болу.

— Бізге көрсетпеген тағы қандай таланттарың бар?

— Көп………ха-ха-ха, қалжыңдаймын. Болашақта бәрін өздеріңіз білетін боласыздар.

Жіберіп алмаңыз:

Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)

Қыдырәлі Болманов: Жұмысымның көптігі соншалық, туған күнім екенін ұмыттым

Канн кинофестивалінде Қазақстанның бірінші ұлттық павильоны ашылды

Артық салмақтан арылған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

 

Талқылау