Қыдырәлі Болманов: Жұмысымның көптігі соншалық, туған күнім екенін ұмыттым

Жұма, 19 Мамыр , 2017 15:38

Қыдырәлі Болманов қызына әлі есім бермеген екен. Десе де, екі-үш нұсқа ойластырып қойғанын жасырмады. Мұнымен қатар, ол жұмысқа бола өз туған күнін ұмытып кеткенін айтты.

18444743_1047703198695325_5137016619591008256_n

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

– Бүгін туған күніңізді қалай атап өтпексіз?

– Аллаға шүкір, барлығы жақсы. Кішкентай аса көп жылап жатқан жоқ. Жұмысымның көптігі соншалық, туған күнімді ұмытып кетіппін. Елдер құттықтап бастаған кезде есіме түсті. Бұйырса, биыл ашатын біраз жобаларымыз бар. Мамыр айы мен үшін ерекше болып басталып жатыр. Жаратқанға сансыз мадақ келтіремін. Жаратушы мейірімді Алла балаларымызды қасиетті айға жақындатып берген сайын жақсы үміт күтеміз. Жүрегіміз қуанып, жақсылық күтеміз. Мұнымен қатар6 8 наурыз мерекесінің біз үшін өте маңызды екенін айтқым келеді.

– Жұрт сіздің үнемі еңбектеніп жүретініңізді жақсы біледі. Әрдайым тың жаңалық бастап жүресіз. Бастағалы жатқан істеріңіздің бір-екі бөлігімен бөлісе аласыз ба?

– Астана қаласының орталық, үлкен саябақтарында «Бал бала» әлемін ашпақшымыз. Бұл бір қызық дүние болайын деп тұр. Үрленген үлкен киіз үйлер, этно тирлар болады. Кезінде садақты да, жамбыны да атқан болатынбыз. Адамға жауапкершілік ұйқы бермейді. Осы жұмыстың барлығы үлкен жауапкершілікті талап етіп отыр. Құдайға шүкір, халықтың ықыласы адамды аспанға ұшырады. Көңіліңді де, жүрегіңді де тоқ етеді. Сондықтан, келіншегіміз перзентханаға бара жатқан кезде тілектес боламыз. Бір жағынан тілеуін тілесең, екінші жағынан қорқасың. Баланы тоғыз ай құрсақта көтеріп, дүниеге әкелу – оңай дүниелер емес. Кеше, шыны керек, перзентханаға халық көп келеді деп ойламадық. Қарақаттың көзінен жас суылдап ағып жатты. Елдің ықыласы мен құттықтауы – керемет дүние.

– Есімін кім деп қойдыңыздар?

– Атын әзірге ойластырып жатырмыз. Әлі салмақтап жатырмыз. Қарақат басынан бастап «Есімін өзің қой» деп келеді. Білесіздер, ат қою – оңай нәрсе емес. Іріктеп алған екі-үш атымыздың әлі нүктесін қоймадық. Бұйырса, бүгін ойланатын соңғы күн қалды.

– Әлемге танымал режиссер фильмге түсуге шақырып, шашыңызды тоқырлап алып тастауды ұсынса, не істейсіз?

– Бұл жерде ойланатын мәселе көріп тұрған жоқпын. Басымыз таз емес, көрсетейік.


Жіберіп алмаңыз:

Тоқтамай сыпыр! Әйгілі “Хэйла” әнінің “келіндерше” нұсқасы елді күлкіге қарық қылды (видео)

Әншілер Болмановтың қызына өз есімдерін беруді ұсынып таласуда

Артық салмақтан арылған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

Ерке Есмахан шетелде Димаштың атымен мақтанып жүргенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар