Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канн кинофестивалінде Қазақстанның бірінші ұлттық павильоны ашылды

70-Канн кинофестивалінде (Франция) отандық киноиндустрия тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды.

20170519110233

Алғашқы қазақстандық павильон фестиваль сарайындағы Le Village International кино нарығы алаңында орналасты. Фестивальға қазақстандық делегация қатысады, деп хабарлайды ҚР АКМ баспасөз қызметі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Еуразия» халықаралық кинофестивалі ұйымдастыру комитетінің қолдауымен ашылған павильон жаңа фильмдер мен жобаларды дамыту мақсатындағы кәсіби кездесулер мен келіссөздерге жол ашады.

20170519102613

Белгілі халықаралық кинофестивальде қазақстандық павильонның ашылуы кино шығарушы ел ретіндегі еліміздің беделін арттырып, киноиндустрия саласындағы әріптестік мүмкіндіктер мен ынтымақтастық байланыстарды кеңейтеді.

Белгілі халықаралық кинофестивальде қазақстандық павильонның ашылуы кино шығарушы ел ретіндегі еліміздің беделін арттырып, киноиндустрия саласындағы әріптестік мүмкіндіктер мен ынтымақтастық байланыстарды кеңейтеді.

Отандық павильон бағдарламасында қамтылған 2017 жылғы 22-28 шілде аралығында Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесіндегі «Болашақтың энергиясы» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша өткізілетін Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі тұсаукесерінің маңызы зор.

19 мамыр күні Францияның ұлттық кинематография орталығында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталовтың қатысуымен Қазақстанның ұлттық павильонының ашылуына байланысты ресми қабылдау өтеді.  Сонымен қатар, концерт ұйымдастырылып, онда Өнер университетіндегі камералық ішекті ансамбльінің сүйемелдеуімен Айман Мұсақожаева және Димаш Құдайбергенов өнер көрсетеді. Павильон жұмысы ұлттық фильмдерді қаржыландыру және тәжірибе алмасуға, қазақстандық киноиндустрия және туризм саласын дамытуға ықпалды әріптестер тартуға мүмкіндік жасайды.

Тағы да оқыңыз:

СҚО-да бұрын бір адамды құтқарып қалған қыздың жасырын адам өлтіргені анықталды

Оралда көлікте отырған ұлының әрекеті әкесінің бір адамды қағып өлтіруіне себеп болды

Атырауда жүргізуші мен кондуктор зейнеткер әжейді автобустан күштеп түсіріп кетті

Талқылау