Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жүргізуші мен кондуктор зейнеткер әжейді автобустан күштеп түсіріп кетті

Атырауда №12 автобустың жүргізушісі мен кондукторы жол ақысын төлемеген қарт әйелді күштеп автобустан түсіріп тастады, деп хабарлайды “Мой ГОРОД

8585

Көрнекі сурет

Оқиға бірер күн бұрын жолаушылар автобусында болған Куәгердің сөзінше, автобус жүргізушісі мен кондуктор зейнеткерге тым дөрекі түрде әрекет көрсеткен.

Желі қолданушылары салон ішінде оларға қарсы тұратын бір адамның табылмағанына қынжылды.

“Неге ол кісіні ешкім қолдамады? Неге сол 40 теңгені төлей салмады. Әрине, бұлай пост жазған да дұрыс, бірақ дәл сол сәтте ол кісіні қолдап жіберу де ерлік ғой. Ал кондуктор мен жүргізуші сол күні алаңсыз жұмыстарын істеп, тып-тыныш түнде ұйықтады ма екен? Жүрегі жоқ. Ешкім бұл өмірде ештеңеден сақтандырылмаған. Жақсы іс істеңіздер”, – деп жазады желі қолданушысы.

Атырау қаласындағы қоғамдық көліктердің жұмысын бақылайтын “Смарт Атырау” мекемесінің мәліметі бойынша, жүргізуші мен кондуктордан түсініктеме алынып, олармен кеңес жүргізілген.

Оқи отырыңыз:

Жауыздықпен өлтірілген оқушының өгей шешесі сотталушыларды бір-біріне айдап салмақ болған

Бұдан былай Қазақстан вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі

Байтасов: Мұғалімдердің жалақысы 10-20 мың АҚШ доллары көлемінде болуы керек

Алматы облысында 8 жасөспірім із-түссіз жоғалған

Талқылау