Бұдан былай Қазақстан вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі

Бейсенбі, 18 Мамыр , 2017 15:01

Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің барлық өңірлік теміржол вокзалдарында жолаушылардың қол жүктері мен багаждары ішінара тексеріледі.

dosmotr_jdvokzal_600_350_5_80

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

«Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2017 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің барлық теміржол вокзалдарында қол жүктері мен багаждарын тексеру жұмыстары кезең-кезеңімен енгізілуде. Биыл 1 ақпаннан бастап Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында тексеру енгізілді. Ал 1 сәуірден бастап Астана қаласы вокзалында тексеру ұйымдастырылды. Қалған 15 вокзалда (Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Орал, Қызылорда, Маңғышлақ, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Бейнеу, Шу, Семей, Петропавл, Павлодар) тексеру 2017 жылдың 1 маусымынан енгізіледі»,-деп жазды ресми өкіл.

Сонымен қатар ол елордада жаңадан пайдалануға берілетін «Астана – Нұрлы жол» вокзалында да осындай қауіпсіздік шаралары қарастырылғанын атап өтті.

«2014 жылғы 16 қазандағы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес, террористік қауіптіліктің қандай да бір қауіп деңгейі жарияланбағанда не қауіптің бірқалыпты («сары») деңгейі жарияланған жағдайда жолаушыларды және келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын ішінара тексеріп, қарау жүргізіледі. Ішінара тексеріп, қарау қағидаты көлік инфрақұрылымы объектілерінде тексеріп, қарау пункті қызметкерлерінің күдігін тудыратын жолаушылар мен келушілерге, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына қолданылады. Қауіптің жоғары («қызғылт сары») және шекті («қызыл») деңгейі жарияланған кезде барлық жолаушылар мен келушілер, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріп, қарауға жатады»,-дейді Жұманбай.

Тағы да оқыңыз:

БҚО-да полицейлер өзгенің төлқұжатын тауып алған зейнеткер әжейді бірнеше сағат тергеген

Ақмола облысында дәрігерлер шала жетіліп туған нәрестенің өмірін сақтап қалды

Қарағандылық отбасы ата-әжелерінің мәйітін қабірден қайта қазып алмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар