Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің тойдағы гонорары 15 мың АҚШ доллары болып кетті

Қытай елінде өтіп жатқан “I am a Singer” байқауына қатысқалы бері Димаш Құдайбергеннің танымалдылығы аспанға бір-ақ шарықтады. Ерекше дауысты қазақ баласының талантын әлемге әйгілі Джеки Чан, Лара Фабиан сынды тұлғалардың өздері мойындады. Одан бөлек, бүкіл әлемде Димаштың тыңдармандары пайда болды. Осының барлығы оның тойдағы сұранысына әсер етсе керек-ті.

Dimash-2-270217

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Той орталығының басшысы әрі продюсері Жан Мұқанов Димаштың қаламақысының бұрынғымен салыстырғанда еселеп артқандығын айтып берді.

“Димаш Құдайбергеновтің бүгінгі қаламақысы 15 мың доллар. Осыдан бір ай бұрын ғана оның қаламақасы небәрі 2 мың доллар болатын. “Музарт” Майра Мұхамедқызы сынды әртістердің өздері 10 мың доллар алады”, – дейді ол.

Байқау 14 кезеңге жалғасатындықтан Димашты тойға шақыру әзірге қиындық туғызуда. Десе де сұраныс көп дейді Мұқанов.

“Димашпен біраз қиындықтар бар. Себебі ол қатысып жатқан жоба 14 кезеңге жалғасады, сол себепті біз оған тиісіп жатқан жоқпыз. Байқау аяқталмайынша, бірдеңе айту қиын. Ал негізінде оған сұраныс жоғары, оның қаламақысын нақты біліп отырғанымыз да сондықтан. Бір жағынан, ол қазір байқауда болғандықтан да ақысы тым жоғары. Димаштың Чанша қаласынан бері қарай келудің өзі қиын. Сондықтан да не себепті қаламақысы жоғары екенін түсінуге болады. Жалпы жақын арады оның ақысы 25 мың долларға дейін көтерілсе де таңғалмаймын”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

 Лара Фабиан Димашты жеңісімен құттықтады

Ата-анасы: Ауылдың ауасымен тыныс алған Димашқа қалған 7 кезең оңай болады (видео)

Жерлестері Димашты Ақтөбеде ерекше ықыласпен қарсы алды (фото, видео)

Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш туралы фильм түсіріп жатыр

Талқылау