Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытайда үлкен ән кешін өткізіп, Құрманғазының “Адайын” домбырамен тартты (видео)

16 желтоқсанда Қытайдың Чанша қаласында өткен Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы өткен жеке концертінің видеосын «ДимашАли» шығармашылық орталығының басшысы Қанат Айтбаев Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

«Он мың адамдық зал лық толып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен концертке үлкен серпін берді. Бұл кеште қазақ, ханзу (қытай – ред.), француз, ағылшын тілдеріндегі əндер шырқалды. Димаштың орындауындағы шығармаларды Қытай, Канада, Америка, Ресей, Украиналық музыканттардан құралған оркестр сүйемелдеп, бишілер билерімен өрнектеді. Кеш шымылдығы Қанат Айтбаевтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің «Сəлем» əнімен ашылып, Ұлықпан Жолдасовтың Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған «Жұлдызым» əнімен жалғасты», – деп жазды Қанат Айтбаев.

Сонымен қатар кеште Айгүл Бажанованың «Махаббат бер маған» əнінің ханзу тіліндегі нұсқасы мен Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған «Ұмытылмас күн» əндері орындалды. Тыңдармандар әншіге қосылып, бірге ән шырқапты.

Сурет: vk.com/dimashkudaibergenovvk

«Қытай еліндегі қазақ фольклорлық триосы қытай халықтық триосымен бірлесе шығарма орындап концертке көрік берді – достық əуендерін төгілтті. Димаш өзін рояльмен сүйемелдей отырып Естайдың «Қорланын» орындады. Интернационалдық оркестрмен бірге Нұрғисаның «Əлқиссасын», Құрманғазының «Адайын» домбырамен тартты. Димаштың жақында жазылған «Əлемде соғыс болмасын» атты төл туындысы қытай тілінде орындалып халықты тебірентті. Кеш бойы көрермендердің қошеметі, ықыласы ерекше болды», – деп жазды Қанат Айтбаев.

 

16 желтоқсанда ҚХР ның Шаңша қаласында Димаштың жеке концерті болып өтті. Он мың адамдық  зал лық толып, көрермендер көтеріңкі көңіл күймен концертке үлкен  серпін берді. Бұл кеште қазақ, ханзу, франсуз, ағылшын тілдеріндегі əндер шырқалды. Димаштың орындауындағы шығармаларды Қытай, Канада, Америка, Ресей, Украиналық музыканттардан құралған оркестр сүйемелдеп, бишілер билерімен өрнектеді. Кеш шымылдығы Қанат Айтбаевтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің “Сəлем” əнімен ашылып, Ұлықпан Жолдасовтың Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған “Жұлдызым” əнімен жалғасты. Кеште сонымен қатар Айгүл Бажанованың “Махаббат бер маған” əнінің ханзу тіліндегі нұсқасы, Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған Димаштың ” Ұмытылмас күн” əндері орындалып – тыңдармандар бірге қосылып шырқады. Бейжің қаласынан келген шығармашылық топ замануи сахналық безендірудің, режиссерлік оңтайлы шешімдердің шеберлігін көрсете білді. Қытай еліндегі қазақ фольклорлық триосы қытай халықтық триосымен бірлесе шығарма орындап концертке көрік берді – достық əуендерін төгілтті. Димаш өзін рояльмен сүйемелдей отырып Естайдың “Хорланын” орындады. Интернационалдық оркестрмен бірге Нұрғисаның “Əлқиссасын”, Құрманғазының “Адайын” домбырамен тартты. Димаштың жақында жазылған “Əлемде соғыс болмасын” атты төл туындысы қытай тілінде орындалып халықты тебірентті. Кеш бойы көрермендердің қошеметі, ықыласы ерекше болды. Концертте кроссовер, этно, классика, поп бағытындағы жалпы саны отыз бір шығарма орындалып, кеш шымылдығы Саят Əбеновтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің ” Тəтті елес” əніменен жабылды. Қазақ баласының шет елдегі ауқымды концерті  осылайша өз мəресіне жетті. “ДимашАли” шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев. Барлық фан топтарға РАХМЕТ!!! #Димаш #Dimash dears #Димаш Кудайберген #Димаш достар #Димаш салем #Димаш концерт

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

Әншінің жек концертінде кроссовер, этно, классика, поп бағытындағы жалпы саны отыз бір шығарма орындалды. Концерт соңында әнші Саят Əбеновтің сөзіне жазылған өзінің «Тəтті елес» əнін шырқап, кеш шымылдығын жапты.

Оқи отырыңыз:

Жазира: Өмір сүргім келмей, бірнеше рет өз-өзіме қол салмақшы болдым

Димаш Құдайберген Қытай телеарнасына берген сұхбатын Абайдың өлеңінен бастады (видео)

Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады

Өмірім қайта айналып келсе, сол қызға үйленер едім: Тәуекел Мүслім жан сырын айтты (видео)

Талқылау