Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира: Өмір сүргім келмей, бірнеше рет өз-өзіме қол салмақшы болдым

Әнші Жазира Байырбекова бірнеше жыл қатарынан денсаулығына қатысты қатты қиындық көрген. Тіпті Германияға барып ең білікті мамандардың көмегіне жүгініпті.

«Бірнеше жыл қатарынан ауырмаған жерім қалмаған сияқты. Бір кездері оң жақ бетім қисайып, аузым жабылмай қалды.

Бірде аяқ-қолымды басқара алмай сылқ етіп құлағам. Осылайша бір аурудың соңынан екіншісі келіп,үнемі дертпен күресіп жүрдім.

Сенсеңіздер 25 шақты дәрігердің алдында болдым. Адамдарға, туыстарыма ішімде тұрған жүрек сияқты дүрсілдейтін затты айтып түсіндіре алмайтынмын. Қатты қиналдым. Ауырмаған ауруым мен сырқырамаған сүйегім қалмады.

Содан бір емшіге барып омыртқаның грижасы дейді гой, соны емдетпекші болғам. Күйеуім емші, бақсы атаулыға сенбейтін. Амалы құрып, ондайларды да іздестіре бастады. Сондай емшінің бірі «Сізге сыйқыр, яғни дұға жасалған» деді.

Қуанып кеттім. Менің жағдайымды түсінген бір адам табылды-ау деп ойладым. Сөйтіп ол кісі бірнеше күн қатарынан бақара сүресімен үш сағаттып оқыды. Бірінші күні оқытылғаннан кейін, ұйықтайын деп көзімді жұмсам алдыма бір апа келіп оятып жібереді.

Осы жағдай бірнеше рет қайталанды. Таңға дейін осындай елеспен алыстым.  Емшіге барып айтсам былай деді: «Сыйқыр, дұға, зиян жасалған кезде ол адамның бойына жын болып кіреді.

Сіздің бойыңыздағы жамандық, мен оқыған тазарту дұғасынан кейін ерегісіп жатыр. Яғни сізді мазалап, бойыңыздан шыққысы келмей тұр» деп түсіндірді. Сол Құранмен бірнеше уақыт тазару емін жасадым, содан кейін барып өмірге деген қызығушылығым арта түсті. Мен депрессиядан шаршаған едім. Тіпті өлуге дайындалып, өз-өзіме қол салып жанымды тыныштандырсам ба екен деген ойлар жиі болатын.

Ұлым мен күйеуіме менің қылықтарым оғаш көріне бастағанын да білемін. Оларға мен шынымен жынданып кетсем жындыханаға өткізбеңдерші деп те жылаған кезім болды. Себебі үнемі жылайберетінмін. Ішімде кіндігімнің тұсында бір жүрек соғатын.

Жалғыз қалсам сол жүрек қатты соғып, қалшылдап тұрып қорқаберетінмін. Кейде өзіме «Күйеуім қасымда, балам жанымда. Менде бәрі бар, неге өмір сүргім келмейді» деген сұрақ қоятынмын. Себебі мен өзіммен болып жатқан жағдайды біреуге түсіндірмек тұрмақ, өзім ұқпайтынмын»,-дейді әнші.

Жазира осы жағдайдан кейін Құран сүрелерімен емдеу сынды дүниелерге сене бастапты.

«Күйеуім жанымда болып менің көрген қиындығым жеңіл өтті, әрі сырт көзге онша білінбеді деп ойлаймын.

Жанболатпен еріп той, концерттерге шығып келсем аздап жақсы болып қалатынмын. Сол халық көп жерде қорқынышым басылатын. Емшіні таппай тұрып үйде отырып алып дұға, сүрелерді қайталай беретінмін. Себебі мен жаныма не керектігін білмедім. Құдайға өмірге деген құштарлығымды, қызығушылығымды арттырагөр деп жалынатынмын.

Өз-өзіме қол салмақшы болып отырып жиі ойланатынмын. Сол кездерде басқа тұрмақ өзім-өзімді танымай кеттім. Бірақ мына өмірге еш қызығушылығым болмай, ешкімді көргім келмей, үнемі көз жасым тыйылмайтын. Сенсеңіздер жұрт  жақсы екен деген дәрігер мен емшінің барлығын теріп шықтым »,-дейді әнші.

Қазір жазира Байырбекованың денсаулық жағдайы жақсы.

Материалды  көшіріп басу үшін Stan.kz  сайтының хат түріндегі рұқсатын алу қажет.

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайберген Қытай телеарнасына берген сұхбатын Абайдың өлеңінен бастады (видео)

Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады

Өмірім қайта айналып келсе, сол қызға үйленер едім: Тәуекел Мүслім жан сырын айтты (видео)

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)

Алты тіл білетін Әйгерім елбасының шақыруымен Италиядан елге оралады

Талқылау