Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытай телеарнасына берген сұхбатын Абайдың өлеңінен бастады (видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші өзінің өнер адамы ретінде қалыптасу жолын баяндады. Осы тұста ол Хакім Абайдың өлеңінен мысал келтірді: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан».

Мұнан кейін әнші бала күнінен көп еңбектенгенін айтты. Ол 5-6 жас шамасынан жарты күн білім алып, жарты күн музыкалық мектепке барып тәлім алған екен.

 

Сонымен қатар Димаш Қытайда өткен Singer 2017 жобасы оның өмірін айқындап бергенін, сол жоба арқылы ол халыққа танылғанын атап өтті.

 

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Қытайға алғашқы әлемдік деңгейдегі жеке шығармашылық кешін өткізу үшін барған еді.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады

Өмірім қайта айналып келсе, сол қызға үйленер едім: Тәуекел Мүслім жан сырын айтты (видео)

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)

Алты тіл білетін Әйгерім елбасының шақыруымен Италиядан елге оралады

Талқылау