Димаш Құдайберген Қазпоштаның келбеті атанды

Сейсенбі, 10 Қазан , 2017 14:53

Қазпошта Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Аз ғана уақыт ішінде өз кәсіби саласында аса зор табысқа жетіп, музыка тарихына өшпестей етіп өз есімін жазған, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызымыз Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанымызды қуана жеткіземін. Әлем халықтарын өз шығармашылығымен ұйыта білген Димаш біздің компаниямыздың басты идеясын бейнелейді – түрлі елдер мен қалалардың халқын біріктіреді. Компания қашанда  инновацияларға, технологиялар мен жоғары сапалы сервистерге ұмтылады. Қазпошта қазақстандықтардың қысқа уақыт ішінде барынша сапалы қызметтерді пайдалануы үшін жұмыс істейді. Мен біздің Димашпен ынтымақтастығымыздың табысты да қызықты болатынына сенемін, – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

«Соңғы кездері мен Қазпоштаның қызметтерін жиі пайдаланамын, әлемнің түкпір-түкпірінен өз жанкүйерлерімнен хаттар мен сыйлықтар алып тұрамын. Мен еліміздің поштасының қызмет көрсету деңгейі мен даму қарқынына шын пейіліммен қайран қаламын. Әрине, Қазпошта әлеуметтік компания, ол қазақстандықтардың, тіпті ең шалғай  ауылдарда пошталық және қаржылық қызметтерді алуға мүмкіндік береді, осылайша еліміздің барлық өңірлерін біріктіреді. Оның әлеуметтік рөлі және сонымен бірге заманауилығы мен технологиялылығы  маған ұнайды. Мен Қазпоштаның одан әрі көркейіп, гүлдене беруін тілеймін», – деді Димаш Құдайберген.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордада 20 жыл мектеп директоры болған азамат мал ұрлап істі болса да ұстаздығын жалғастыруда

Әкемнің орнында болсам, мен де ажырасар едім: Мұхтар Тайжан жеке өмірі мен отбасы жайлы алғаш рет ашық айтты

Энергетика министрі: Менің тағдырым президенттің қолында

Енді мемлекет пәтерақы мен коммуналды қызмет ақысын төлеуге көмектеседі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар