Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Астанада жеке концертін беретін болды

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде жеке концерті өтеді.

4e3d7ec200b4154a1f60d91c4cac6e05_crop_l_7_t_0_w_782_h_440

Бұл туралы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы жарияланған expo2017culture.kz сайтында хабарланды.

Концерт елордадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде 27 маусым күні кешкі 19:00-де басталады деп көрсетілген. Кеш 2 сағатқа созылады деп жоспарланған. Әзірге билеттер сатылымға шыққан жоқ.

«Биыл маусым айында Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылады. ЭКСПО көрмесі тұңғыш рет Орталық Азия елінде өткізіледі. Барлықтарыңызды Қазақстанға келіп, ЭКСПО көрмесін тамашалауға, қазақтың әсем табиғатын көруге, дәмді тағамдарынан ауыз тиюге шақырамын.  Бәрі сәтімен болса,  мен аталмыш көрмеде ән айтатын боламын», – деген еді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың “Ұмытылмас күн” әнін орындаған сәті жарияланды (видео)

Singer-2017 жобасының жаңа қатысушысы Димашқа тізеқап сыйлады (видео)

Димаш Құдайберген Қытайда өз кәсібін ашуы мүмкін

Талқылау