Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Singer-2017 жобасының жаңа қатысушысы Димашқа тізеқап сыйлады (видео)

Сахнада шабыттана өнер көрсету кезінде жарақат алып қалмас үшін әнші Джулиа Пэн Димашқа тізеқап сыйлаған.

20170325100154 (1)

Димаштың әнді шырқай келе кульмианцияға жеткен кезде тізесімен сахнаға отыра кететінін фанаттар әлдеқашан байқап үлгерген.

“Өз тәжірибемнен білемін, әртіс ондай кезде ауырлықты сезінбейді. Ол кезде адам бойында шабыт балқытып тұрады”, – деп жазады әншінің тыңдармандары.

Димаш Құдайбергенов 10-кезеңде үшінші орын алып, қытайлық танымал телешоудың финалына шықты. Бұған дейін де тыңдармандары Димашқа арнап түрлі сыйлықтар жасады. Ал қазақ баласының дауысы туралы шетелдік телеарналар да таңғалыса репортаждар көрсетіп жатыр.

Бұған дейін ол Қытайдың танымал телеарнасына қазақ тілінде сұхбат берген болатын. Сондай-ақ, Димаш қатысып жатқан жобаның отандық “Хабар” телеарнасынан көрсетілетінін де хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, Димаш қытайлық “Singer” телешоуының финалына өтті. Димаш I am a Singer жобасының 10-кезеңде өзінің авторлық туындысын орындап, үшінші орынды ұтты. Осылайша ол ақтық кезеңге жолдама алып отыр. Димаш әлі де жеңіске үмітті негізгі фаворит.

Оқи отырыңыз:

Ауыпбаев: Күзетші болып жүр дегенді естігендер қаржылай көмек ұсынды

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Бүркіт өзін соққыға жыққандарға арнап бейнебаян түсірді (видео)

“Меломен” тобының әншісі екінші рет әке атанды

Талқылау