Димаш Алматыдағы тосын сый үшін қытайлық жанкүйерлеріне алғыс айтты
Димаш Құдайбергенов қытайлық жанкүйерлеріне Алматыдағы LED-экран көмегімен жасалған тосын сый үшін алғыс айтты. «25 Chinese dears» фан тобы әншіні аталған экрандар арқылы құттықтап, суретін ілгізген.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Барлық жанкүйерімді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Күндеріңіз жарқын болсын! Арман-тілектеріңіздің барлығы орындалсын! Алматы қаласындағы LED-экрандар арқылы маған тосын сый әзірлеген 25 Dears тобына ерекше алғысымды білдіремін!» – дейді ол.
Аталған тосын сыйды қытайлық жанкүйерлері Наурыз мерекесіне орай жасаған екен. Суреттер Розыбакиева көшесіндегі Mega және Dostyk Plaza сауда орталықтарының айналасында, Фурмонов және Әл-Фараби көшелерінің қиылысында ілінген екен.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева: Әлсіз еркек әйелді кінәлайды
Қызы Баян Есентаеваның киімдерін киіп жүр (фото)
КешYou тобының жаңа бейнебаяны плагиат болып шықты (видео)
Ғалымжан Молданазардың жаңа бейнебаяны адамдардың жүрегін елжіретті (видео)
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек