Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытайда өз кәсібін ашуы мүмкін

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэй Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы таңғажайып жетістігі жайлы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

0045

Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі бұл туралы бүгін, 24 наурыз күні, Астанада өткен баспасөз мәслиxатында айтты.

“Димаш таңғажайып жетістікке жетті. Ол Қытайдың жарқын жұлдызына айналды. Әрине, қазақстандықтар үшін бұл – өте үлкен бонус. Өзім сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Негізі, қазіргі байқауды көрсетіп жатқан “Хунань” арнасы кеңінен танымал. Оның эфирінен сан алуан бағдарламалар көрсетіледі. Алайда шетелдің азаматтары көп түсе бермейді. Димаш болса, бірден жарқ етіп, жастардың көзіне түсті, солардың көзайымына айналды. Әсіресе, жас жеткіншектер оны қатты сүйеді, қатты емес, құлай сүйеді деуге болады. Оның дауысына ғана емес, мінезіне де тәнті болды. Димаштың бойынан қазақ xалқының мәдениеті, Ұлы Даланың мінезі барынша байқалады. Міне, дәл осы қасиет қытайлық көрермендердің қызығушылығын арттырып отыр. Қытайда Димаш өте танымал,  барлық көрермендер дерлік оны біледі. Сондықтан ол өзінің кәсібін Қытайда дамыта алады деп ойлаймын. Ол – бір. Екіншіден, ол Қытайдың мәдени нарығында Қазақстанның таныстырылымын өте жақсы жасады. Енді, қазақстандықтарға Қытайдың мәдени нарығына жол ашық”, – деп атап көрсетті елші.

Жіберіп алмаңыз:

Ауыпбаев: Күзетші болып жүр дегенді естігендер қаржылай көмек ұсынды

Қайрат Нұртастың әкесі Сиви Махмұдидің киносына түсті (видео)

ҚХР елшісі: Димаштан соң Қытай қазақстандық әртістерді қабылдауға дайын

Талқылау