Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева тыңдармандарына сүйіктісі бар екенін оның жүзін жасыра отырып көрсетті (фото)

Танымал әнші Ахмадиева желі қолданушыларына сүйіктісінің “бір бөлшегін” көрсетті.

image

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Өзіндік тыңдармандары бар әнші Ділназ Ахмадиева жеке өміріне қатысты жаңалықтарды құпия ұстағысы келеді. Осыған орай, желі қолданушылары оның Instagram парақшасын жіті бақылап, демалыс күндерін қалай өткізетінін “аңдып” отырады.

Мұны сезген әншінің өзі де кей әріптестері секілді сүйіктісінің “бір бөлігін” ғана көрсетуді жөн көрген. Осылайша көптің өз өміріне деген қызығушылығын арттырғысы келсе керек.

13267428_1159239290793099_518957466_n

Ол инстаграм парақшасына сүйіктісімен бірге түскен суретін салған. Бірақ суреттен ғашығының денелі азамат екенін ғана байқауға болады.

Суретті көрген желі қолданушылары да қапы қалмай, түрлі пікір білдірген. Бірі “Бұл жігіттің кім екенін мен жақсы білемін”, “Мен де ол жігіттің иығынан сүйгім келіп отыр” деп көптің қызығушылығын арттыра түссе, енді бірі “Біреудің өмірінде не шаруаларың бар? Кіммен жүрсе де өзі біледі ғой” деп қос ғашыққа бақыт тілеген.

Естеріңізде болса, әнші жаңа альбомының тұсаукесерінде сүйіктісіне алғыс жаудырған болатын. Десе де, әзірге оны халыққа таныстырмады.


Оқи отырыңыз:

Динара Сұлтан сүйіктісінің “бір бөлігін” көрсетті

Ділназ Ахмадиева жұрттың көзінше жаңа сүйіктісіне алғысын жаудырды

Ділназ Ахмадиева өзінің дене бітімін қобызға ұқсатты

Ділназ Ахмадиеваның жүрегін жаулаған жігіт кім

Талқылау