Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева өзінің дене бітімін қобызға ұқсатты

Әнші Ахмадиева өнер мен өмірде қатар жүрген әріптестері туралы пікірмен бөлісіп, өзін қобыз аспабына теңеді. Мұның себебін аталған аспаптың әуезділігі мен пішінінің ұнайтындығымен байланыстырды.

12317481_1496947337275261_1876632684_n

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Өнердегі мансап жолын 4 жасында бастаған әншіге тыңдармандары сұлулығы мен жылдам арықтауына қатысты жиі сұрақ қоятын көрінеді. Бұл жолы әншіге “Өзіңізді қай аспапқа ұқсатасыз?” деген сұрақ қойылды. Мұндай сұрақты күтпеген әнші жауап бермес бұрын ұзақ ойланды.

“Мен қобызға ұқсайтын шығармын. Маған оның сазды әуені де, пішіні де ұнайды. Қалай десек те, мен қыз баласымын ғой. Әдемі болуым керек”, – дейді Ділназ Ахмадиева “Жауап бер” бағдарламасында. Мұнымен қатар, бір кездері әкесінің хатшысы болып жұмыс істеп, одан ресми түрде жалақы алып отырғанын айтып өтті.

Әнші өзін қобызға ұқсатып қана қоймай, өнер мен өмірдегі құрбылары туралы пікір білдірді. Мақпал Исабекованың барлығын жүрегіне жақын қабылдайтынын, Лидо құрбысының стильді киімдер таңдай білетінін, Әсел Сәдуақасованың сәби секілді ерке әрі нәзік екенін айтты.

Сәуірдің 27-сі күні әнші “Ларисс Иванну Хачу” мейрамханасында “Strength in my soul” атты жаңа альбомының тұсауын кеспек. Билет тапшылығына немесе шетелде жүргеніне байланысты кешке келе алмайтын тыңдармандары мен достарына перископ бағдарламасы арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырмақ.


Оқи отырыңыз:

Ділназ Ахмадиева жолдасы Ахмадпен ажырасып жатыр

Ділназ Ахмадиева сымбатты болуының сырын ашты

Ділназ Ахмадиеваның жүрегін жаулаған жігіт кім

Ділназ Ахмадиева қазақ тілінде «Көз алдымда» деп аталатын жаңа жинақ ұсынды

Ділназ Ахмадиева 35 жасын Алматының төрінде тойлады

 

Талқылау