Ділназ Ахмадиева жолдасы Ахмадпен ажырасып жатыр
Әнші, актриса Ділназ Ахмадиева кәсіпкер жолдасы Ахмадпен ажырасқалы жатыр. Қазір құжат бойынша ажырасу жұмыстары ғана қалды,-деген әнші Gakku арнасына берген сұхбатында.
“Адамдардың менің артымнан өсек айтып, түрлі әңгімені ойдан шығармаулары үшін өз аузымнан естігендерін қалаймын. Біз Ахмад екеуміз ажырасып жатырмыз, қазір тек құжаттарды реттеу керек. Біз бір-бірімізді түсінуден қалдық. Шын мәнінде, бұл өте қайғылы және қазіргі кезде өмірімнің күрделі уақытты басымнан кешіп жатырмын”, – деді Ахмадиева.
Сонымен қатар, ол жеке өміріндегі проблемалардың шығармашылығына еш әсер етпейтінін айтқан.
Айта кетейік, Дильназ бен Ахмад 2011 жылы 17 қыркүйекте үйленді. Үйлену тойы Астанадағы мейрамханалардың бірінде ең жақын достары мен туыстарының ортасында өткен еді.
Бұдан бұрын да Stan.kz хабарлағандай әнші өзінің қазақ тіліндегі “Қөз алдымда” атты алғашқы альбомының тұсаукесерін жасаған болатын.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды
