Депутаттар өз жалақысын қарапайым халықтың табысымен теңестіруді ұсынды

Ресейде «Справедливая Россия» партиясының жетекшісі Сергей Миронов пен депутат Олег Нилов депутаттардың жалақысын қарапайым халықтың табысымен теңестіруді ұсынды.

Депутаттар өз жалақысын қарапайым халықтың табысымен теңестіруді ұсынды

Сурет: Владимир Веленгурин

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ресейде депутаттардың орташа жалақысын 35 мың рубль (шамамен 185 мың теңге) ретінде белгілеуді ұсынатын заң жобасын енгізілді.

Аталған құжат Мемлекеттік думаның деректер базасында жарияланды.

Сонымен қатар, енгізілген заң жобасында депутаттарға берілетін бірқатар артықшылықты алып тастау көзделген. Олар зейнетақымен, медициналық қызметпен және шипажайлармен қамтамасыз етуге қатысты болып отыр.

Бүгінде Ресей депутаттары мен сенаторларының жалақысы федеральды министрлермен теңескен.

Бұған дейін Сергей Миронов аталған жобасы арқылы депутаттарды Ресей экономикасын көтеруге және мемлекеттегі әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатындағы заңдарды қабылдауға ынталандырғысы келетінін айтқан.

«Депутаттар халыққа сөзбен ғана жақын болмауы керек. Олар ісімен де жақын болуы қажет», – дейді Миронов.

Десе де үкімет аталған бастамаға қолдау танытқан жоқ. Олар сенаторлар мен депутаттарға атқаратын қызметіне байланысты жоғары жалақы төленетінін алға тартты.

Оқи отырыңыз:

Түркіменстан әйелдерді тек қолының саусақтары мен шұлығы көрініп тұратын киім киюге міндеттеді

9 баланың әкесі өмір бойы белсіз болғанын аңдаусызда біліп қалды

Күйеу жігіт сең жүруінің салдарынан үйлену тойына қатыса алмай қала жаздады

Әйел дәретханаға кіру үшін көршілерін сотқа берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар