Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тенге шабуыл жасағандар туралы мәлімет үшін сыйақы беріледі

Алматы полициясы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге шабуыл жасағандар туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден хабарлауын сұрады, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Денис Тен

Құқық қорғау органдары Денис Теннің өліміне қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-тармағы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Алматы ІІД оқиғаның куәгерлерін анықтап жатыр. Полиция аталған қылмыс және оны жасаған тұлғалар туралы қандай да бір мәлімет білетіндердің барлығын мына нөмірлерге шұғыл хабарласуға шақырады: 254-40-42; 8-701-707-36-00 и 8-701-722-60-62 немесе 102. Мәлімет берген тұлғаның аты-жөні құпия сақталатынына және сыйақы берілетініне кепіл беріледі.», – делінеді хабарламада.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау