Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер смартфонның кесірінен балалардың соқыр болып қалу қаупі бар екенін ескертті

Балалар мен жасөспірімдер смартфондарды шамадан тыс пайдалану салдарынан зақым алып, тіпті көру қабілетін жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: 19rus.ru

Британдық офтальмологтың айтуынша, Ұлыбританияда соңғы 50 жыл ішінде миопия балалар арасында екі есе жиі кездескен. 15 пен 16 жас аралығындағы әрбір төртінші балаға көз ауруы диагноз қойылған.

Миопия балалар мен жасөспірімдерде күндізгі жарықта алыстағы заттарға тым аз қарайтындықтан және телефон экрандарына көп үңілетіндіктен пайда болады. 



"Миопия – бұл көзілдірік киюге ғана алып келмейді, адамдар миопияның салдарынан соқыр болып қалуы мүмкін. Бұл қарапайым оқиға емес, бұл үлкен қауіп", - деді дәрігер Джон Болгер.

Ол көру қабілетінің нашарлауын пандемиямен теңестіруге болатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Метеорологтар 2024 жылы бұрын байқалмаған ыстық болатынын ескерткені туралы жазған едік. 

Талқылау