Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер егде жастағы адамдардың не себепті вакцинаны жеңіл қабылдайтынын түсіндірді

Егде жастағы адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаны жеңіл қабылдайды. Себебі адамның иммундық жүйесі жасы келген сайын әлсірей түседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ura.ru-ға берген сұхбатында терапевт, "Твой доктор" клиникасының бас дәрігері Татьяна Романенко және дәрігер-терапевт Виктор Лишин айтып берді. 

“Вакцинация иммундық жүйеге әсер етеді. Ал жасына қарай бейімделу механизмдері аз байқалады. Үлкендерде иммунологиялық реакциялар көбінесе жастардікіндей болмайды. Сондықтан егде жастағы адамдар, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар көбінесе вакцинацияға назар аудармайды”, – дейді Татьяна Романенко.

Виктор Лишиннің айтуынша, адам неғұрлым жас болса, иммундық жүйесі соғұрлым дамыған. Демек, инфекцияға неғұрлым айқын реакциялар береді. 

“Жастарда иммунитет күшті. Сондықтан вакцинадан кейін көбірек реакциялар болады. Алайда жастардың арасында да вакцина алған соң ештеңе сезінбейтіндер болады. Әрине бәрі иммундық жүйеге байланысты”, – дейді дәрігер.

Терапевт жанама әсерлер болған жағдайда дәрі қабылдауға кеңес береді. Мысалы, аллергиясы барлар антигистаминді препараттар, ал дене қызуы жоғарыласа температураны түсіретін дәрілер қолданса болады. Сонымен қатар вакцина алғаннан кейін алкогольден бас тарту керек.

Бұнымен қоса үш-төрт күн спортпен шұғылданбаған абзал.

Талқылау