Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасының қанына сәбиінің зәрі мен нәжісі түсіп кеткен: Дәрігерлер босанған әйелдің өлімінің себебін айтты

Дәрігерлер жыл басынан бері қайтыс болған бесінші әйелдің өліміне қатысты пікірі білдірді. Босанушы әйелге қандай диагноз қойылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлер Астанада қайтыс болған әйелдің не себепті көз жұмғаны түсіндірді

1 қыркүйек күні Астанадағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада тағы бір келіншек көз жұмған еді.

Дәрігерлер науқастың қант диабетімен ауырғанын айтты. Оған «Қағанақ суының эмболиясы»диагнозы қойылған. Алайда бұл нұсқа әлі нақты емес.

«Жүкті келіншек қант диабетімен ауырғандықтан тұрақты түрде емделіп жүрді. Дәрілер қабылдаған. Бірақ инсулиндік терапиядан бас тартқан. Бойы 165 келі болғанымен, салмағы 95 келіден асқан. Бұған дейінгі екі баласын өзі босанғандықтан, дәрігерлер оның табиғи босануына жол берген. Әйелге «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозын қойылды. Бірақ әлі де тексеріліп жатыр. Алдағы уақытта нақты диагнозы аталады», – дейді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қазақстанның штаттан тыс бас акушер-гинекологы, профессор Иван Корканның айтуынша, әйелге барлық көмек көрсетілгенімен оны құтқару мүмкін болмаған. Себебі «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозы қойылған әйелдердің аман қалуы екіталай. Қағанақ суының эмболиясы – өте сирек дерт, 10-15 мың жүкті әйелдің бірінде ғана кездеседі. Бұл жағдайда әйелдің жүктілігі де, босануы да ауыр болады. Осы диагноз қойылған әйелдердің 90% көз жұмады.

«Бұл дертті алдын ала білу мүмкін емес. Қағанақ суындағы сәбидің тері бөліктері, нәжісі мен зәрі анасының қан ағысына түсіп кеткендіктен, дәрігер дер кезінде көмек көрсетсе де құтқару қиын болады. Қан ағысына аз зиян келген жағдайда ғана әйелді аман алып қалу мүмкіндігі бар. Бұл әлемдегі статистика бойынша солай», – дейді Иван Коркан.

Иван Корканның айтуынша, марқұм әйелдің жүрегі тоқтаған сәтте дәрігерлер кесір тілігін жасап, баланы босандырған. Қазір нәресте ауыр жағдайда болғанымен оңалып кету мүмкіндігі мол.

Бұл бала өліміне қатысты Астанадағы бірінші дау емес. Соңғы екі ай ішінде қалада 4 әйел көз жұмды. Израильден келген дәрігерлер босанушы әйелдердің өлімін тексеріп көрді. Олар әйелдерді аман алып қалу мүмкін болмаған деді.  Қазіргі уақытта қайтыс болған екі әйелдің баласы перзентханадан шығарылды. Екеуінің өмірі үшін дәрігерлер күресуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау