Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев олимпиада чемпионының келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты.

Данияр Елеусінов

Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біз қарсыластарды таңдаған кезде, мықтыларды таңдап алдық. Алайда Даниярдың олардан артықшылығы бар екенін білген едік. Менің ойымша, Даниярдың келесі қарсыласы да осал болмайды. Ол – мықтырақ әрі тәжірибесі де молырақ. Десе де Даниярдың қарсыласынан асып түсетініне сенімім мол. Дайындық жүргізу үшін 3 апта уақыт бар. Оның соңғы аптасын Лондонда  өткіземіз. Себебі сағаттық белдеу басқа, жерсіну керек. Ал ертең дайындықты бастау үшін Флоридада боламыз. Менің ойымша, бәрі жақсы болады», – дейді Әлиев.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 29 сәуірде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық қарсыласы Ноа Киддті техникалық нокаутқа жіберді. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жек 3-інші раундта аяқталып, Елеусінов жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

«Әйелдер арасындағы GGG» атанып кеткен қазақ қызы кәсіби рингте жеңіске жетті

Елеусіновтің бапкері боксшының кәсіби рингтегі алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі туралы айтып берді

Нью-Йорктегі қазақ полицейі спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар