Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов президентке еліміздің ресми ұранын бекітуді ұсынды

Астанада еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан салтанатты жиын барысында олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз ұсынысын жеткізді.

450_58526d80c8afe

Бұл туралы “Қазақстан” телеарнасы хабарлайды.

“Қадірлі Елбасы! Әлемнің көптеген елдерінде өзіндік ұрандары бар. Бір ғана сөз жастарды қанаттандырады. Біздің бабаларымызда да ұран болған. Олар сол ұран естілген кезде кез-келген жекпе-жекке дайын болатын еді. Осыған байланысты біздің спортшылардың да ұсынысы бар. Біз “Қазақстан, алға!” деген сөз тіркесін біздің ұран ретінде бекітуді сұраймын. Бұл барлық патриоттардың ұраны болмақ. Қазақстан, алға!”, – деді спортшы.

Бұған дейін осы жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев елдің болашағына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып, әсіресе әлеуметтік салаға көбірек тоқталған болатын. Соның ішінде келесі жылы бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы мен зейнетақы көлемінің өсетінін ресми хабарлап өтті.

Оқи отырыңыз:

Актерден саясаткерге дейін: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ондаған қазақстандық мемлекеттік марапатқа ие болды

Назарбаев өзіне айтылатын жағымпаз мақтаулар жайлы айтты

Жақып Асанов өзіне қысым көрсеткен облыс прокурорларының сазайын бермек

Назарбаев Астанадағы биік ғимараттардың кімнің ақшасына салынғанын айтты

Талқылау