Данияда тоңазытқышта босқын әйел мен оның екі баласының денелері табылды

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 7:29

Данияның полиция қызметі елдің оңтүстігіндегі Обенро қаласында болған жантүршігерлік оқиға жөнінде хабарлады.

235233048

Сириялық босқындар тұрып жатқан үйлердің бірінен үш адамның – әйел мен оның екі баласының денелері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  newsru.com сайтына сілтеме жасап.

Хабарланғандай, олардың мәйіттері мұздатқыш камерасында болған.

Марқұм әйелдің туыстары онымен бірнеше күн бойы хабарласа алмағандығын айтқаннан кейін, полицейлер 30 қазан күні оқиға болған үйге тінту жүргізуге келген.

27 жастағы босқын әйел мен оның 7 және 9 жастағы қыз балалары өлтірілгендігі анықталды. Қылмысты кім жасағаны белгісіз, тергеу жұмыстары жүруде.

Хабарланғандай, олар Данияға 2015 жылы отағасымен бірге бас сауғалап келген, қазір оның қайда екені белгісіз. Отбасы мүшелері Данияда босқындар мәртебесін алған. Өзге мәліметтер айтылмаған.

БАҚ ақпараттарына сәйкес, өткен жылы Дания 21 мың босқынды қабылдады. Ал 2016 жылдың басында Германиямен шекарада бақылауды күшейткеннен кейін  елге ағылған босқындар саны күрт азайды.

Жіберіп алмаңыз:

Тимати: Менің мейрамханам көп ұзамай халал болады

Оралда бойжеткендер жеңгетайлардың күштеуімен 6 жыл жезөкшелікпен айналысқан

Үндістандық кәсіпкер жұмысшыларына 1260 көлік пен 400 баспана сыйлады

Ғалымдар әруақтардың көзге көрінуінің 3 себебін түсіндіріп берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар