Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда бойжеткендер жеңгетайлардың күштеуімен 6 жыл жезөкшелікпен айналысқан

Оралда секс-құлдықтың құрбаны болған қыздар 3 сутенермен соттасуда. Тергеу мәліметінше, қыздар жезөкшелікпен 6 жыл бойы айналысып келген.

mozhetli_mzhch_01

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Жеңгетайлардың қармағына әсіресе қиыншылық көрген өзге облыс, аудандардың қыздары түсіп отырған. Оларды күштеп қызмет еткізіп, притондар жалдаған. Қыздар күнінен 10 клиентке қызмет етуге тиіс болыпты. Ал, ақшаны ұйымдастырушылардың өздері алып отырған.

Күн сайын 150 мың теңге көлемінде ақша түскен. Олар арнайы пәтер жалдап, ол жаққа жезөкшелерді өздері апарып отырған. Бұл жайлы таксист пен қонақүй күзетшісі сотта айтып берді. Қылмыстық топ осылайша айына 4 миллионға дейін ақша тауыпты.

Жеңгетайлар кінәсін мойындаған жоқ. Бұл жайлы осы жылдың мамыр айында белгілі болды. 6 жыл ішінде жыныстық қызмет көрсеткен қыздардың кейбірі балалы болған. Кейбірі осы кәсібі үшін отбасында тастауға мәжбүр болғанын айтады.

«Ақшамызды алып тек 3 мың теңге ғана беретін. 6 жыл осылай болды. Бізді қорқытып, қайтып келмесек ұратындарын айтты. Ол біздің арқамызда көлік алып, жағдайын жасап алды», – дейді жәбірленуші.

«Суық күнде қысқа белдемшемен, күртешемен жүруді талап етті. Соның салдарынан туберкулезбен ауырдым», – дейді енді бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Астанадағы білім басқармасы мектепте секспен айналысқан мұғалімдерге қатысты пікір айтты

Семейде жүкті әйел мен құрсақтағы сәбиді көліктегі фельдшер жігіт аман алып қалды

Бір пойызға мінген министрліктердің мамандары Қазақстанды аралап елге көмек бермек

Үндістандық кәсіпкер жұмысшыларына 1260 көлік пен 400 баспана сыйлады

Талқылау