Тимати: Менің мейрамханам көп ұзамай халал болады

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 18:18

Танымал репэр Тимати жақында ғана ашқан мейрамханасында жуық арада халал тамақ берілетінін айтты. Енді әншінің тез әзірленетін «Black Star Burgers» мейрамханасынан мұсылмандар үшін алаңдамай ас ішуге мүмкіндік туады.

timati_136

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

Мұнымен қоса, Тимати халал өнімнің қандай болу керектігін де білетін болып шықты.  «Біздің мейрамханада ешқашан шошқа еті болған емес, болмайды да, бірақ бұл «халал» деген сөз емес. «Халал» ол – «рұқсат етілген» болуы тиіс. Осыған орай малды шариғатқа сай сою қажет. Сондай-ақ, қасапшы «Бисмилләхи Аллаһу Акбар» деп айтуы шарт», – деп бөлісті әнші.

Халал етпен бургерлерді жасап көргендерін де айтты. «Бірақ көңілден шығатындай нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз дейді. Алайда, қолды бір сілтеп қоя салмаймыз, жоғары деңгейде әзірлеген кезде «халал» белгісі бар тағамдарды ұсынатын боламыз», –  деді ол.

Ал, әзірге Тиматидің мейрамханасындағы хот-догтарды жей беруге болады. Себебі, ол «Халал» өнімдерді стандарттау мен сертификациялау орталығы рұқсат еткен еттен жасалған.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда бойжеткендер жеңгетайлардың күштеуімен 6 жыл жезөкшелікпен айналысқан

Бір пойызға мінген министрліктердің мамандары Қазақстанды аралап елге көмек бермек

Үндістандық кәсіпкер жұмысшыларына 1260 көлік пен 400 баспана сыйлады

Ғалымдар әруақтардың көзге көрінуінің 3 себебін түсіндіріп берді

Адамзатты алмастыратын секс-роботтар 2017 жылы пайда болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар