Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде вице-министрі қызметін атқарған Дана Жүнісова орнынан кетті.

Дана Жүнісова

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Дана Жүнісова берген өтініміне сәйкес қызметінен босатылды», – делінеді хабарламада.

Жүнісованың орнына вице-министр қызметіне Әсет Ирғалиев келген. Министр Тимур Сүлейменов жаңа вице-министрді таныстырып үлгерді.

Айта кетсек, Дана Жүнісова ҚР ҰЭМ-де вице-министрі қызметіне биылғы жылдың сәуір айында тағайындалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау