Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Челси” футболшылары қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті (фото, видео)

Қарағандыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Stamford Bridge стадионына барып, Ағылшын премьер-лигасының чемпиондарымен жүздесті.

1503892547_4

Бұл туралы жетім балалар арасында футболдан чемпионат ұйымдастырушы Айнұр Сәлім Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

21078494_1752229258185900_670532441425468572_n

21125409_1752229368185889_5608416478333236791_o

Кездесу 27 тамыз күні болған.

21105832_1752230808185745_1245481820423797104_n

21105433_1752228331519326_4976972012615953070_n

21083661_1752230908185735_3534558792184865754_o

“Түсініп және сезіну үшін тым болмаса бір мәрте “”Стэмфорд Бридждегі” “Челси” футбол клубының ойынына бару керек. “Шахтер” клубының бас киімін киген біздің жас футболшылар “Челси”-“Эвертон” матчына барды. Футболдың керемет атмосферасын жеткізу қиын. Ол өте биік. Бірақ, олар ойынға барған кезде басты нәрсені білмеген еді. Ойыннан соң бізге қалуды өтінді. Шамалы уақыттан соң әлем футболының жұлдыздары біздің балаларға қарай беттеді. Дәл сол сәтте біздің балалар сезінген сезімді айтып жеткізу қиын. Педро, Давид Луис және басқа да жұлдызды ойыншылар балалармен амандасып, автограф беріп, естелік суретке түсті”, – деп жазады Айнұр.

21083578_1752229601519199_7349641364489766724_o

21083472_1752230721519087_9114092219432462980_o

Балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы Қазақстан чемпионаты бес жыл бойы өткізіліп келеді. Жас футболшылар “Барселона”, “Милан”, “Бавария”, “Атлетико Мадрид” сынды танымал европалық клубтарға бас сұққан.

21083357_1752230438185782_5499496669328023193_o

Ұйымдастырушыларды футболшылардың қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлетіні тәнті еткен.

“Мүмкін бұл клубтың саясаты, мүмкін мәдениет болар. Олардың уақыттарының тығыздығы, өте бәсекеге толы матчтары, тым тығыз күнтізбелеріне қарамастан, балалармен кездесуге, қайырымдылық шараларына уақыт табады”, – дейді Айнұр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Универсиада «алтынын» ұтып алды

«Монғолияның Лашыны» атанған қазақ балуаны кім?

Түркия спортшысы әлем чемпионы атанған қызға көпшілік алдында ұсыныс жасады

Дмитрий Баландин ел қоржынына Универсиаданың үшінші медалін салды

Талқылау