Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұдан былай әрбір оныншы Қазақстан азаматы шетелге шыға алмайды

Елімізде салық төлемегендерге біршама қысым түсіп жатыр.

Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, салық төлемеген әрбір оныншы қазақстандық азамат шетелге шыға алмай қалуы мүмкін.

Бір ғана Астананың өзінде 70 мыңға жуық азамат айыппұл мен салық төлемеген. Оның 1000 азаматына елден сыртқа шығуға тыйым салынды.

Сондықтан шетелге шығушы азаматтар салығы не қарызы бар-жоғын тексеріп алғаны жақсы. Борышкер болған жағдайда әуежайдан шетелге жіберілмейді.

Салықты уақытылы төлемейтіндердің тізімін Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында көруге болады.

Бұған дейін елімізде салыққа қарызы барлардың карта арқылы жалақы ала алмайтынын хабарлаған едік. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау