Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық отбасы төрт күннің ішінде үй тұрғызып шықты

Бридпорт қаласында отбасы төрт күннің ішінде 6 жатын бөлмесі бар үй салып шықты.

pic_f4df815b3736535f462f60278c506d31

Бұл туралы The Independent хабарлайды.

Ричард, Никки және екі баласы Лондоннан Дорсет графтығына көшіп келеді. Олар талғамдарына сай келетін жайлы үй таппағаннан кейін, өздері салуға бекінеді. Экологиялық таза материалдарды пайдалануға тырысқан британиялықтар көп ақша жұмсамай аз уақыттың ішінде баспаналы болыпты.

Үйдің каркас тақтайшалары алдын ала Баварияда орналасқан фирмада жасалыпты. Төрт күннің ішінде үш қабат пен шатыр жасалады. Үйдің қасында орман мен бассейн де бар. Нәтижесінде отбасы баспана үшін 1,2 миллион фунт стерлинг құртқан.

Оқи отырыңыз:

87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)

Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр

Жұрт сыртынан тамашалап тұрған теңіз арыстаны қыз баланы су астына сүйреп әкетті (видео)

Ғалымдар себебін түсіндіріп бере алмаған жұмбақтар

Талқылау