Бразилиялық азамат 20 жыл бойы өз отбасының тұтқыны болған

Сәрсенбі, 26 Қазан , 2016 12:28

Бразилия полициясы 20 жыл бойы өз отбасының тұтқыны болған ер азаматты босатты. Оның қамауда отырғанын құқық қорғау органдарына көршілері жеткізген.

_92090520_508e828f-217c-4696-8d8f-209c8e9c01e3

Бұл туралы BBC хабарлады.

Гуаруьюс қаласында нашақорлармен күрес жұмыстарын жүргізіп жатқан полиция рейд барысында тұтқында отырған ер адамды кездейсоқ тауып алған. Жәбірленушінің аты-жөні – Арманду Безерру де Андраде.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, ер адам психикалық ауытқушылықтарға шалдыққан. Сондай-ақ, әбден әлсіреп жүдеген ер адам мүлдем сөйлей алмай қалған. Десе де, оның денесінде ұрып-соғу белгілері де байқалмайды. Қазіргі таңда жәбірленуші ауруханада жатыр.

Жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берген көршілері Андрадедің аяқ астынан 16 жасында із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан. Ол кезде студент жігітт анасы үнемі соққыға жығады екен.

БАҚ беттерінде ер адамды қамауда ұстаған бөлменің суреттері пайда болды. Бөлменің қабырғаларында шынжырлар, ал ішінде тек бір төсек пен тазалығы сын көтермейтін дәретхана бар.

Көршілерінің айтуынша, бұл үйде оның әкесі, өгей шешесі мен олардың ортақ ұлдары тұрған. Рейд барысында полиция олардың бірде бірін таба алмаған.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін ер адамның әкесі полицияға өз еркімен келген. Ол ұлының жасөспірім кезде үйден кетіп қалғанын мәлімдеді. Әкесінің сөзінше, өткен аптада үйіне оралған ұлы өзін осы бөлмеге қамап қоюді өтінген. Себебі ол нашақор болып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция есірткіге тапсырылған анализ нәтижелерін күтуде. Әзірге әкесі қамауға алынған жоқ. Десе де, заңсыз түрде адамды бостандығынан айырғаны үшін оған айып тағылды.

Осыған ұқсас жағдай немістерде де болған еді. Бір ауылдан соңғы рет үйінен 13 жасында шыққан 43 жастағы ер азамат табылды.

Анасы ұлын күштеп ұстамағанын мәлімдеген еді. Айтуынша, ұлы үйден шығуды өзі қаламаған.

Жіберіп алмаңыз: 

Басының жартысы жоқ америкалықты адам өлтірмек болғаны үшін тұтқынға алды

Венесуэла түрмесінде ашыққан тұтқындар камераластарын жеп қойды

Түрмеден қашқан тұтқын қыз іздеудегі суретін ауыстыруды өтінген

Мұғалім тәртіпсіз балалардың басын кесіп мектеп ауласына көміп тастауға уәде еткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар