Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалім тәртіпсіз балалардың басын кесіп мектеп ауласына көміп тастауға уәде еткен

АҚШ-та мектеп мұғалімі тіл алмаған немесе тәртіпсіздік танытқан оқушылардың басын кесіп, көміп тастайтынын айтып қорқытқан.

teacher-scolds-student

Осылайша ұстаз екінші сынып оқушыларын тәртіпке шақырмақ болған.

Оқыс оқиға АҚШ-тың Огайо штатында орын алды. Қатігез мұғалім екінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын шошытты.

Оқушылардың бірі 7 жасас Райли Хэм ұстаздың мұндай сөздерінен кейін өзін қауіпсіздікте сезінбейтінін айтты.

«Оған біздің тәртіпсіздік жасағанымыз ұнамады. Мұғалім біз артық рет шулап не оның ашуына тиетін нәрсе жасасақ, басымызды кесіп алып, мектеп ауласына көмуге уәде етті», – дейді зәре-құты қашқан оқушы.

Ақырында қауіпті мұғалім жұмыстан қуылды. Ал мектеп әкімшілігінің өкілі мұғалімнің бұл қылығын қалжың деп түсіндірді. Айтуынша, ұстаздың ойында жаман нәрсе болмаған. Ол балаларды қорқытуды қаламаған.

Ата-аналардың бірі БАҚ-та күн сайын американдық мектептерде орын алып жатқан оқушылар өлімі туралы жарияланатынын, бұл орайда қалжыңдаудың орынсыз екенін айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

Сауд Арабиясында ер адам үйленгеннен кейін екі сағаттан соң ажырасуға өтініш білдірген

Әзербайжанда баланы ұруға ресми түрде тыйым салынды

Ресейлік екі азамат жаңа танысқан бойжеткенді зорлап, соңынан оны жеп қойған

Ресейлік тележүргізуші тікелей эфирде адам өлтіргенін айтып қалды (видео)

Талқылау