Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилияда 16 жастағы қызды 30-дан аса ер адам зорлап, видеосын желіге таратып жіберген

Бразилия полицейлері Рио-де-Жанейрода 16 жастағы қызды зорлаған деген күдікпен 30-дан аса ер адамды іздестіріп жатыр. Зорлаушылар өз әрекетін видеоға түсіріп, желіге жариялаған.

aff6a4628755ad9c35a42932d4d9c7d302b8969c_600-600x450

Сурет: izvestia.nikolaev.ua 

Бұл Бразилияда қызу талқыланып, адамдардың жағасын ұстатты. Наразылық білдірушілер бұл істің мән-жайын анықтап, нүктесін қою керектігін айтқан.

Оқиғаға қатысты нақты мәліметтер жоқ. Белгілі болғаны, қыз қаланың батысындағы тұрмысы нашар ауданында тұратын жігітіне бара жатқан. Оның полицияға берген арызында, жексенбі күні жалаңаш күйінде оянғанын, сол кезде оның жанында көп ер адамдардың болғанын жазған.
Осыдан кейін ол үйіне қайтқан. Тек бірнеше күннен кейін ғана оны зорлады деп күдіктелген жігіттердің оны зорлаған әрекеттерін видеоға түсіріп, «Твиттер» желісіне жариялағанын білген.

40 секундтық ролик желіге тез таралып, қоғамда үлкен наразылық тудырған. Жазбаны жолдаған адамдардың аккаунты жабық болса керек.

Полицейлер күдіктілерді тұтқынға алу ордерін жасады. Оның ішінде қыздың көңіл қосып жүрген жігіті де бар.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 80 жастағы әжейді туысы зорлап кеткен

Қарағандыда 15 жастағы қызды мектептен қайтар жолда зорлап кеткен

Ақтөбеде алқа билер қыз зорлап сотталған ер адамға қатысты үкімді жоюды сұрады

Талқылау