Ақтөбеде алқа билер қыз зорлап сотталған ер адамға қатысты үкімді жоюды сұрады

Жұма, 27 Мамыр , 2016 11:23

Алқа билер сот отырысына қатысқан ақтөбелік Анастасия Клесова мен Айнұр Құрмантаева сот өкілдері оларды кінәсіз адамды соттатуға мәжбүрледі деп мәлімдеді.

76e1c931059facc5121526a1850d8ff4

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Әйелдер сот құрамында Бахит Молдағариннің қылмыстық ісін қараған. Ер адамды өткен жылдың 13 қыркүйегінде 5 жасар қызды үйіне ертіп келіп, зорлады деп айып тағылған. Алқа билер Молдағаринді айыпты деп тауып, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болған.

Ал судья Гүлжан Әжіғалиева барлық дәлелдердің заңсыз қамтылғанын айтқан. Мәселен, тергеуші прокурор санкциясынсыз қылмыс болды деген орынды тексеріп, тұтқынның барлық киімдерін алып қойған. Бұл заңды өрескел бұзу болып саналады.

“Мен Молдағариннің кінәсіз екеніне сенімдімін. Бұл пікірді өзге алқа билер де қуаттап отыр. Прокурор Жұмағалиев зардап шегушіні тыңдау кезінде бізге қарап көз жасын сығып алды. Мұның бәрін ол ойдан шығарып істеп отыр”, – дейді Анастасия Клесова.

Сондай-ақ, Анастасия Клесованың сөзінше кеңес жасайтын бөлмеге судья Гүлжан Әжіғалиева бірнеше мәрте кіріп, заң бойынша істеуге болмайтын бірқатар жағдайларды түсіндірген. Сонымен қатар ол Молдағариннің үйіндегі төсектен оның ұрығының табылғанын, бірақ мұның іс барысына әсер етпейтінін айтыпты. Осылайша судья Молдағаринді кінәлі деп тануды сұраған. Айтпақшы, жиналыс бөлмесіне мамандандырылған соттың төрағасы Нұрлан Сұлтанов та кірген.

“Ол қылмыстық іспен танысып шыққанын және Молдағариннің кінәлі екеніне күмәнданбайтынын айтты”, – дейді Клесова.

Алқа билер үкім қайта қаралуы тиіс деп есептеп, облыстық сот төрағасы Ерлан Айтқожинге өтініш білдірген.

Алексей Ковальский

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар