ОҚО-да 80 жастағы әжейді туысы зорлап кеткен

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 14:58

Мақтарал ауданында 80 жастағы әжей, өзін зорлап кеткен қылмыскерге жаза кестіре алмай зар иледі. Бөтен емес қайын ағасының баласынан таяқ жеп, көрмегенді көрген кейуана, құзырлы органның әрекетіне де қатты ренжіді.

с

Бұл туралы ТВК телеарнасы хабарлайды.

11 баланың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып беруге оқталғанымен, жасын тия алмай көп жылады.

Мақтаралдық қжей бүгінде көшеге шығуға қысылады. Өзі үйінен безіп, Сарыағаштағы қызының қолында амалсыздан жүр. Кейуанаға түн ортасында баласын іздеп келген қайынағасының ұлы тап берген. Әжейді ауыл сыртындағы егістікке шығарып, ойына келгенін істеген.

«Есіктің алдына шыққан соң менің шешемді қылқындырып ала жөнеледі. Сен менің әкемді дуалап өлтіргенсің деп менің шешемді сүйреп әкеткен. Анам түнгі іш көйлекпен жатқан жерінен шығып кеткен. Аяғында кебісі болған. Қақпаның жанына барғанда шешем құтқарыңдар деп айқайлаған. Бірақ оны түнде ешкім естімеген. Арыққа апарып тұншықтырмақ болғанда қайта құдай сақтап, арықта су болмапты. Содан шешемді екі жарым шақырымға дейін сүйрелеп егістікке апарып, сорақы жағдайға душар етеді», – дейді зардап шегуші әжейдің қызы.

Істі қараған аудандық ішкі істер басқармасының жұмысына қанағаттанбаған жәбірленушілер бүгін бар үмітті «Нұр Отанға» артты. Қоғамдық қабылдауға келген мамандар сорақылыққа барған азаматтың былығы анықталса, тиісті жазасын алуы керек де шешті. Сондықтан да істі облыстық тергеу басқармасы өз қадағалауына алды.

«Басынан бастап қайтадан тергейміз. Бұрынғы тергегеннің барлығына қарай шешім қабылданған. Бірақ біз, облыстық тергеу басқармасы, қайтадан тергеуді қолға аламыз. Егер тағы да қабылданған шешімге наразы болса, прокуратураға арыз жазады. Одан өзге сараптама тағайындау керек босла, Астанадан да тағайындаймыз. Барлық уәждерін тексеріп, заңды түрде шешім қабылдап, прокуратура органдарына жолдаймыз», – дейді ОҚО ІІБ тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Охашев.

Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының да қатаң қадағалауында болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар