Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бозымбаев бензиннің қымбаттау себебін айтты

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жанар-жағармай бағасының неліктен күрт өскенін түсіндірді.
бозым

«Бензин қымбаттауының бір себебі – теңгенің рубльге шаққандағы бағамының өзгеруі. Бұл дерек осыдан екі апта бұрын болған. Осы уақытта импортты бензин сатып алынып жатты. Осыдан кейін ресейлік бензиннің бағасы көтерілді. Жалпы өткен жылы теңге рубльге қарағанда 20%-ға әлсіреді. Баға рубльге шаққанда қатты өзгеріске ұшырамайды. Бірақ оны теңгеге аударсаң, тұтынушыға (бензиннің -автор) қымбатқа түскенін аңғарасың», – деді ол Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Бозымбаев.

Бензин бағасы бір күн бұрын  қымбаттай түскен еді. Онда АИ-92 маркалы бензин 137 теңгеден 139-ға дейін өскен еді. Ал шымкентте тура осы жағар май бағасы 141 теңгеге дейін барған. Ал, осы өзгерістен кейін  май құю бекеттерінде кептеліс орнаған.

Бұған дейін Алматыдағы жағармай бекеттері клиенттің ақшасын алғанымен  автоматта көрсетілген мөлшерді толық құймайтындығы анықталған еді.

Оқи отырыңыз:

Астанада бензиннің жалған талондары пайда болды

 

Талқылау