Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бензиннің жалған талондары пайда болды

Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында белгісіз адамдар бензинге арналған жалған талондарды саудалап жүргеніне шағымдарын айтуда, деп хабарлайды Қазақпарат.

талон

«Менің қателігімді қайталаудан сақ болыңыздар! Кеше Республика даңғылы бойында 40 жас шамасындағы бір ер адам маған АИ-92 бензиніне талон сатып алуды ұсынды. Онда 100 литр болды, мен тек 50 литрін алдым. Бүгін Синоойлге барсам, оператор бұл талондардың жалған екенін айтты»,-деп жазды Facebook-те Натуся Бэст есімді пайдаланушы.

Атап айтқанда, бұл жалған талонға көзбен бір қарағанда тұпнұсқадан айырмашылығы байқалмайды және екінші жағына мөр де басылған. Алайда, қолға алған кезде түпнұсқадан айырмашылығын анықтауға болады, сонымен қатар онда арнайы белгі жапсырылуы тиіс.

«Қалада бұрыннан бері кез келген адамнан талон алмау туралы ескерту жасалып келеді… Себебі, олардың арасында жалған талондар өте көп»,-деген ойымен бөліскен Bitner Katrin есімді пайдаланушы. Белгілі болғандай, осындай жағдай жиі кездеседі екен.

Әлеуметтік желінің өзге де пайдаланушылары өз пікірлерінде алаяқтардың құрбаны болғандығы туралы жазуда. Осы орайда олар жалған талондардың фотосуреттерін салып, көпшіліктің назарына ұсынып жатыр. «Мен де желтоқсанда Республика даңғылында сатып алған болатынмын»,-деп шағымданды Dauren Yerkassov.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда сұранысы жоғары АИ-92 маркалы бензинінің бағасы өскен болатын.

 

 

Талқылау